Спорт

Елдің үздік семсершілері анықталды

© Photo : https://olympic.kz/Эльмир Алимжанов стал чемпионом по фехтованию на шпагах
Эльмир Алимжанов стал чемпионом по фехтованию на шпагах - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Жазылу
Лондон Олимпиадасына қатысқан шымкенттік семсерлесуші Эльмир Әлімжанов тағы ел чемпионы атағын жеңіп алды
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды.
Әйелдер арасында алматылық София Николайчук чемпион атанды. Ал Владислава Андреева (ШҚО), Александра Тамбовцева (Шымкент) пен Наталья Зинякова (Алматы) жүлдегерлер қатарынан көрінді.
2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан шымкенттік семсерлесуші Эльмир Әлімжанов тағы ел чемпионы атағын жеңіп алды. Ал Руслан Құрбанов (ШҚО), Георгий Тинников (Алматы) мен Вадим Шарлаимов (ШҚО) жүлдегер атанды.
Видео скрин - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Спорт
Қырғыз елі қазақтың спортшы қызы жасаған әрекетке риза болды – видео
Жаңалықтар
0