Оқиға

Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады

Көлік жүргізушісі қамауға алынды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Талдықорған маңындағы Қарабұлақ ауылында 19 жастағы көлік жүргізушісі әйелді екі баласымен бірге қағып кетті.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 23 сәуірде Audi-80 көлігінің19 жастағы жүргізушісі 36 жастағы әйелді және оның 6 және бір жарым жасар баласын қағып кеткен. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды.
Көлік жүргізушісі қамауға алынды. Көлігі тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылды. Жол апаты болған жерде жаяу жүргіншілер жолағы болмаған.
Алматы облысында жас жігіт көлігімен үш бірдей адамды басып кетті