НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір - Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден Сиэтл қаласында сөйлеген сөзін аяқтап, тағы да көзге көрінбейтін адамдармен амандасқысы келді.
Байден қалаға сапарын ұсынылған реформалар туралы сөз сөйлеумен аяқтады. Ол жиналған жұртшылықпен қоштасып, артына бұрылды. Қасында ешкім болған еді. Алайда АҚШ президенті бос жерге қолын соза бастады. Осыдан кейін АҚШ президенті күлімсіреп, жиналғандарға алғысын білдірді.
Осындай жағдай бір апта бұрын болған. Солтүстік Каролина штатындағы инфрақұрылымдық реформа туралы сөзін аяқтағаннан кейін, ол сахнаға қайта оралып, жанында ешкім болмаса да, қол алысу үшін қолын созды. Содан кейін бірнеше қадам жасап, сахнадан шығу жолын іздеді.