Вашингтон мен Брюссельдің Еуропада көздегені не

Sputnik
Финляндия мен Швеция билігі Ресейдің арнайы операциясына қатысты НАТО-ға кіру мәселесін белсенді талқылап жатыр. Брюссель шығысеуропалық шепті күшейтіп, жаңа әскери құрылымдар орналастырып, Мәскеуге қатысты ұстанымды қатаңдатып жатыр, деп жазды РИА Новости.
Финляндия мен Швеция ондаған жыл бойы бейтараптылық сақтап, блоктан тыс мәртебені ұстанып келді. Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы басталғаннан кейін осы скандикнавиялық елдердегі биліктің және оппозициялық саяси партиялары НАТО-ға мүше болу жайын көтере бастады.
Финляндия премьер-министрі Санна Мариннің айтуынша, Мәскеу мен Хельсинки қарым-қатынасы енді бұрынғыдай болмайды. Ол "Еуропаның қауіпсіздік жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер" жағдайында Солтүстікатлантикалық альянсқа кіру қажет деп санайды.
Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссонда да осындай ұстаным. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ол шешім қабылдап қойған. Екі ел де 29-30 маусым күндері Мадридте өтетін НАТО саммитіне өтініш береді деп күтіліп отыр.
Әлем
Еуропада газ бағасы шарықтады
Альянста Финляндия мен Швецияны көптен бері күтіп отыр. Бас хатшы Йенс Столтенберг оларды мейлінше жылдам қабылдауға уәде етті. Сонда Скандинавия жартылай аралы мен Балтық теңізінің бүкіл дерлік жағалау желісі Брюссельдің бақылауына көшеді. Ал Ресейдің маңызды портты қаласы Мурманск блок шекарасынан небәрі жүз километр қашықтықта болады. НАТО осы арқылы Мәскеуге қымыды күшейтуге болады деп үміттеніп отыр.
Кремль осыған қатысты жедел жауап берді. Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев НАТО-ның Ресеймен құрлықтағы шекарасы екі есе ұлғайып жатқанын айтты. Ол құрлықтағы әскер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін күшейтуге, сондай-ақ Фин бұғазында қосымша әскери-теңіз күштерін орналастыруға тура келетінін атап өтті. "Балтық елдерінің ядролық қарусыз мәртебесі туралы енді ешқандай әңгіме болмайды: теңгерімді қалпына келтіру керек", - деді Медведев.
"Мәселе Калининград облысына ядролық қаруды орналастыруда емес, бұл ықтимал қарсыластың шекарасына тым жақын, - дейді әскери сарапшы Алексей Леонков. – Бұл сөз Швеция, Финляндия, сондай-ақ Балтық маңы елдері Ресейдің ядролық тежеу күштерінің заңды нысанасына айналатынын меңзеп тұр. Бұған дейін Польша мен Норвегия РФ зымыран бағыттауы ықтимал мемлекет болған. Бірақ Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруі Ресей үшін Украинаның альянсқа мүше болуы секілді қауіпті емес. Қанша дегенмен, Скандинавия елдерінде билікте әлдеқайда саналы адамдар отыр. Олармен арада аймақтық дау жоқ. Сондықтан күштердің жаһандық ауқымы айтарлықтай өзгере қоймас".
Ресейге басқа бағыттан да қысым жасалып жатыр. Күні кеше Йенс Столтенберг "ресейлік агрессияны" тежеу үшін шығыс шепте тұрақты әскери күштерді кең ауқымда орналастыру жоспары әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, солтүстікатлантикалық блок "түбегейлі трансформация процесін" бастан өткізіп жатыр және ол Мәскеу әрекетінің "ұзақ мерзімді салдарын" бейтараптандырады. НАТО-ның тікелей басшылық етуімен он мыңдаған әскери Еуропаның шығысында тұр.
Біраз бұрын альянс мемлекеттерінің көшбасшылары "Ресейдің халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық негіздерін бұзуға талпынысына" қарсылық көрсетудегі бірлікті және Кремльге бағытталған "үйлесімді халықаралық қысымды" растады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ пен Польша Калининград маңында оқу-жаттығу өткізіп жатыр
"Ресей беллсенділігіне жауап ретінде біз НАТО қорғасын жоспарын іске қостық, Әрекет ету күштерінің бөлімшелерін орналастырып, альянс бақылауындағы әскери-әуе күштері және скери-теңіз күштерімен бірге шығыс шепте 40 мың әскериден тұратын контингентті жайғастырдық, - деп жазылған бірлескен мәлімдемеде. – Біз сондай-ақ Болгария, Венгрия, Румыния мен Словакияда төрт қосымша көпұлтты жауынгерлік топ құрып жатырмыз".
Еске салсақ, 2016 жылы осы тектес топтар Латвия, Литва, Эстония мен Польшада құрылды. Олардың әрқайсысында бір мыңға жуық сарбаз бар. Осылайша НАТО Ресей шекарасына жақын орналасқан әскер санын кемінде он есе ұлғайтты.
Бұдан бөлек, НАТО елдері қару-жараққа көбірек қаражат жұмсауды жөн көріп отыр. Пентагон бұл мақсатқа 773 миллиард доллар жұмсайды және бұл жоспарланған көлемнен 9,8 процентке көп.
Берлин әскери бюджетті кем дегенде 100 миллиард еуроға ұлғайтады: қорғаныс шығыны ЖІӨ-нің екі процентінен асады. Әскери-әуе күштерін қайта жарақтандыруға атап айтқанда, ескірген Tornado орнына америкалық F-35 жойғыш ұшақтарын сатып алуға да қаражат жұмсалады.
"Польша қарулы күштер санын 300 мың адамға дейін өсіреді: бұл қазіргіден екі есе көп. Сонымен қатар, вице-премьер Ярослав Качиньский АҚШ-тың ядролық қаруын орналастыруға дайын екенін айтты. Ресейлік Федерация кеңесінің вице-спикері Константин Косачев бұл бастаманы ойланбай жасалған қадам деп атады. Өйткені, НАТО Беларуське стратегиялық тежеу ​​күштерін орналастыру туралы Ресейге үнемі жасап келеді", - деп жазылған материалда.
Украинада арнайы әскери операция басталғалы бері альянс мүшелерінің көбі өз арсеналдарын жаңартуға кірісті. Словакия, Чехия, Румыния, Польша мен басқа да одақтастар Вашингтон үндеуіне қолдау білдіріп, Киевке тек ескірген әскери техника жөнелтті.
Пентагон осы қолдауға алғыс ретінде оларға әлдеқайда замануи техника ұсынуға уәде етті. Сарапшылардың пікірінше, бұл америкалық қорғаныс компанияларына қомақты табыс алып келеді.