Оқиға

Таразда екі ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелдің алқасын жұлып алды

Олар бұрын алаяқтық пен ұрлық үшін сотталған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Таразда екі ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелдің мойнындағы алқасын жұлып алды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Қылмыс шағын аудандардың бірінде жасалған. Белгісіз адамдар құны 200 мың теңге болатын алтын әшекейді жұлып алып, қашып кеткен.
Полиция әйелді тонаған күдіктілерді ұстады. Олар Жамбыл облысының 21 және 23 жастағы екі тұрғыны екені анықталды. Бұрын алаяқтық пен ұрлық үшін сотталған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі ("тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иесіне қайтарылған.
Өңірлер
Ер адам әжелердің құлағынан сырғасын жұлып алып, ломбардқа өткізіп отырған