АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Зеникенұлы Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген ақпаратта.
Бұған дейін ҰҚШҰ жанындағы тұрақты кеңестегі Қазақстанның өкілетті өкілі болған Жәнібек Иманалиев лауазымынан босатылды.
Ал Марат Сыздықовтың орнына сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін Ермұхамбет Қоныспаев атқарады.