Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневКадрлық ауыс-түйіс
Кадрлық ауыс-түйіс - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Сарқұлов жайлы не белгілі

Ұлан Сарқұлов 1980 жылы 27 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. РФ ФСБ академиясын, РФ президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментінде бастады.
Әр жылдары Маңғыстау және Қызылорда облыстары әкімі аппаратында еңбек етті. Премьер-министр орынбасарының көмекшісі және ҚР Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап парламенттің шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары болған Мақсат Қожабаев лауазымынан босатылды.
Жаңалықтар
0