Қоғам

Қарағандыда науқас медициналық көмек көрсеткен дәрігерге қол көтерді — видео

Жергілікті полиция департаменті қылмыстық іс қозғады
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. Қолы сынып, медициналық көмекке жүгінген қарағандылық травматолог дәрігерді ұрып жіберді. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Қарағандыда 1986 жылы туған ер адам құлап, қолын жарақаттаған. Ол Мақажанов атындағы аурухананың жарақат пунктіне оң қолының ауырсынып тұрғанын айтып барған.
Артынша дәрігер оның қолының сынғанын айтып, қозғалып кетпеуі үшін гипс салуды ұсынған. Алайда науқас бас тартты.
Дәлізде ер адам дәрігердің артынан барып, қолын оның иығына қояды. Травматологқа пациенттің бұл әрекеті ұнамай, қолын иығынан қағып жібереді.
Артынша ер адам дәрігердің бетінен жұдырықпен ұрады. Тағы қайталап ұрғысы келгенімен, дәрігер қолын қағып үлгерген.
Содан кейін аурухана қызметкерлері полиция шақырған.
Қарағанды облысының полиция департаменті бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарланды. Қазір тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама бекітілді.