https://sputnik.kz/20220421/qaragandy-nauqas-dariger-video-24351983.html
Қарағандыда науқас медициналық көмек көрсеткен дәрігерге қол көтерді — видео
Қарағандыда науқас медициналық көмек көрсеткен дәрігерге қол көтерді — видео
Sputnik Қазақстан
Жергілікті полиция департаменті қылмыстық іс қозғады 21.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-21T10:49+0500
2022-04-21T10:49+0500
2022-04-21T10:49+0500
қоғам
қарағанды облысы
дәрігер
науқас
https://sputnik.kz/img/07e6/04/15/24350888_0:160:1201:835_1920x0_80_0_0_4496016f180bc4632c316e7632bb1c86.jpg
АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. Қолы сынып, медициналық көмекке жүгінген қарағандылық травматолог дәрігерді ұрып жіберді. Полиция қылмыстық іс қозғады. Қарағандыда 1986 жылы туған ер адам құлап, қолын жарақаттаған. Ол Мақажанов атындағы аурухананың жарақат пунктіне оң қолының ауырсынып тұрғанын айтып барған. Артынша дәрігер оның қолының сынғанын айтып, қозғалып кетпеуі үшін гипс салуды ұсынған. Алайда науқас бас тартты. Дәлізде ер адам дәрігердің артынан барып, қолын оның иығына қояды. Травматологқа пациенттің бұл әрекеті ұнамай, қолын иығынан қағып жібереді. Артынша ер адам дәрігердің бетінен жұдырықпен ұрады. Тағы қайталап ұрғысы келгенімен, дәрігер қолын қағып үлгерген. Содан кейін аурухана қызметкерлері полиция шақырған. Қарағанды облысының полиция департаменті бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарланды. Қазір тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама бекітілді.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/15/24350888_0:47:1201:947_1920x0_80_0_0_2e2171a732334b5bbe6f5dcf91dcd548.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, дәрігер, науқас
қарағанды облысы, дәрігер, науқас
Қарағандыда науқас медициналық көмек көрсеткен дәрігерге қол көтерді — видео
Жергілікті полиция департаменті қылмыстық іс қозғады
АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. Қолы сынып, медициналық көмекке жүгінген қарағандылық травматолог дәрігерді ұрып жіберді. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Қарағандыда 1986 жылы туған ер адам құлап, қолын жарақаттаған. Ол Мақажанов атындағы аурухананың жарақат пунктіне оң қолының ауырсынып тұрғанын айтып барған.
Артынша дәрігер оның қолының сынғанын айтып, қозғалып кетпеуі үшін гипс салуды ұсынған. Алайда науқас бас тартты.
Дәлізде ер адам дәрігердің артынан барып, қолын оның иығына қояды. Травматологқа пациенттің бұл әрекеті ұнамай, қолын иығынан қағып жібереді.
Артынша ер адам дәрігердің бетінен жұдырықпен ұрады. Тағы қайталап ұрғысы келгенімен, дәрігер қолын қағып үлгерген.
Содан кейін аурухана қызметкерлері полиция шақырған.
Қарағанды облысының полиция департаменті бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарланды. Қазір тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама бекітілді.