НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 науқас анықталды.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 4, Шымкент қаласында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарында бір науқастан тіркелді.
Бүкіл республика "жасыл" аймақта тұр.
Пандемия басталғаннан бері елімізде барлығы 1 305 417 адам коронавирус індетіне шалдықты.