https://sputnik.kz/20220419/shymkent-virus-24299241.html
Шымкентте белгісіз вирус таралып жатыр
Шымкентте белгісіз вирус таралып жатыр
Sputnik Қазақстан
Шымкентте соңғы он күннің ішінде 2 адамнан ғана коронавирус анықталды 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T10:09+0500
2022-04-19T10:09+0500
2022-04-19T10:09+0500
вирус
шымкент
https://sputnik.kz/img/24/85/248558_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_6c8a9e2c5517bf26a41785f377681cf4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғындары белгісіз вирусқа шалдыққанын мәлімдеді. Тұмаудың белгілері коронавирусқа ұқсайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.Қала тұрғыны Шынар Оразова соңғы бір айдың ішінде екінші рет ауырып отыр. Салқын су ішпеген, желдің өтінде отырмаған. Ауруға қалай шалдыққанын түсінбей дал. Дене қызуы жоқ, бірақ мұрны бітелген. Тамағы ауырып, буындары да сырқырайды екен. Сосын жөтел пен демікпе қысады. Ал ПТР-тес теріс нәтиже көрсеткен. Коронавирус жоқ.Жүздеген шымкенттік тура сондай ауру белгілерін байқаған. Мамандар болса, қалада вирус жүргенін айтып отыр. Ақпан-наурыз айларында өткір респираторлық вирусты инфекцияға шалдыққан 7 962 адам тіркелген. Былтыр тура осы кезеңмен салыстырғанда екі есе артық болып тұр. Вирусты инфекцияға шалдыққандардың басым бөлігі – 72,5 проценті 14 жасқа дейінгі балалар.Қала тұрғындары ұзақ емделіп жүргенін айтады. Ал дәрігерлердің айтуынша, бұның барлығы – коронавирустың салдары. Адам ағзасы әлсіреп қалған.Шымкентте соңғы он күннің ішінде 2 адамнан ғана коронавирус анықталды. Қалған адамдарда ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті.Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарманның айтуынша, қаланы айналып жүрген вирусты теріс ПТР-нәтиже көрсететін коронавирус деп айту қиын. Ол үшін зерттеу жүргізу керек."Білуімше, Қазақстанда ондай зерттеу жасалмаған. Алайда әлемде, соның ішінде Қытайда, Батыс Еуропада және АҚШ-та омикронның бір түрі таралып жатыр. Омикронға ұқсайды, бірақ одан тез таралады. Меніңше, екі аптадан кейін нақты қандай шараларды қолға алу керек екенін білеміз", - дейді Шарман.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/24/85/248558_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_b223808ed06cf07256330cabd0b89096.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вирус, шымкент
Шымкентте белгісіз вирус таралып жатыр
Шымкентте соңғы он күннің ішінде 2 адамнан ғана коронавирус анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғындары белгісіз вирусқа шалдыққанын мәлімдеді. Тұмаудың белгілері коронавирусқа ұқсайды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Otyrar.kz
порталына сілтеме жасап.
Қала тұрғыны Шынар Оразова соңғы бір айдың ішінде екінші рет ауырып отыр. Салқын су ішпеген, желдің өтінде отырмаған. Ауруға қалай шалдыққанын түсінбей дал. Дене қызуы жоқ, бірақ мұрны бітелген. Тамағы ауырып, буындары да сырқырайды екен. Сосын жөтел пен демікпе қысады. Ал ПТР-тес теріс нәтиже көрсеткен. Коронавирус жоқ.
"Бас кезінде мұрнымнан су тоқтамай ақты. Одан кейін тамағым жыбырлай бастады. Жекеменшік медициналық орталыққа көрініп едім, ол жақта вирусты инфекция деді. Дәрі-дәрмек жазып берді. Қазір емделіп жүрмін", - дейді Оразова.
Жүздеген шымкенттік тура сондай ауру белгілерін байқаған. Мамандар болса, қалада вирус жүргенін айтып отыр. Ақпан-наурыз айларында өткір респираторлық вирусты инфекцияға шалдыққан 7 962 адам тіркелген. Былтыр тура осы кезеңмен салыстырғанда екі есе артық болып тұр. Вирусты инфекцияға шалдыққандардың басым бөлігі – 72,5 проценті 14 жасқа дейінгі балалар.
Қала тұрғындары ұзақ емделіп жүргенін айтады. Ал дәрігерлердің айтуынша, бұның барлығы – коронавирустың салдары. Адам ағзасы әлсіреп қалған.
Шымкентте соңғы он күннің ішінде 2 адамнан ғана коронавирус анықталды. Қалған адамдарда ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті.
Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарманның айтуынша, қаланы айналып жүрген вирусты теріс ПТР-нәтиже көрсететін коронавирус деп айту қиын. Ол үшін зерттеу жүргізу керек.
"Білуімше, Қазақстанда ондай зерттеу жасалмаған. Алайда әлемде, соның ішінде Қытайда, Батыс Еуропада және АҚШ-та омикронның бір түрі таралып жатыр. Омикронға ұқсайды, бірақ одан тез таралады. Меніңше, екі аптадан кейін нақты қандай шараларды қолға алу керек екенін білеміз", - дейді Шарман.