Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ДХР әскерінің жауынгерлері ұлттық батальондар туралы айтты

Sputnik
Донецктегі республикалық травматология орталығына ауыр жараланған әскерилер мен азаматтарды жеткізіп жатыр. Мұндай ауыр жарақат алу кезінде әрбір минут бағалы. Әскери дәрігерлер қолдан келгенше көмектесіп жатыр. РИА Новости Донецк халық республикасы армиясының жауынгерлерімен сұхбат және жаралылар майдан даласында қалай ем алып жатқаны туралы мақала жариялады.
Палатаға кіреберісте тұрған медбике жараланғандардың бәрі бірдей сұхбаттаспауы мүмкін екенін, себебі олар өздерінен бұрын туыстары үшін алаңдап отырғанын жеткізді. Расында да көбі ашық әңгімеден бас тартты. Бірақ Максим Фуклев жасыратын ештеңе жоқ екенін айтып, сұхбатқа келісті.
Ол 2015 жылдан бері соғысып келе жатыр. Екі жыл бұрын бір арумен танысып, әскери қызметтен кетуге бел байлаған. Құрылысшы болып жұмысқа тұрып, бейбіт өмірге бейімделе бастаған. Бірақ ақпанда соғыс қызып жатқан Мариупольге қайта оралды.
"26 наурызда жамбасымнан жараландым. Жауынгерлік жаяу әскер машинасында болдым. Мина түсті. Нысанашы ашық люк арқылы сыртқа шықты, тірі қалды. Менің аяғыма зақым келді. Бар күш-жігерімді жинап, машинадан шықтым. Әйтпесе тірі қалмас едім. Көмек жылдам жетті", - деп еске алды жауынгер.
Ол ұлттық батальондарды жете бағаламауға болмайтынын, олар қуатты тойтарыс беріп, жақсы қаруланғанын айтты. "Оларда тіпті окопта интернет болды".
Оның айтуынша, ұлтшылдар жергілікті тұрғындарға аяушылық танытпаған. "Бейбіт тұрғындар су алуға шыққанда, снайперлер оларға оқ атты. Адамдар жертөледе суықта, аш отырды. Біз олармен ас-сумен бөлістік", - дейді жаралы жауынгер.
Оған Илизаров аппаратын орнатып, шап тамырларын тіккен. Жақын күндері тағы бір ота жасалады. Бірақ оптимизм жоғалтпаған Фуклев "бәрі жоспарға сай" болып жатқанына сенімді.
Қоғам
Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау аяқталды
Ал Дмитрий Троян 2018 жасақ қатарына 2018 жылы келген. Оны мотоатқыштар бригадасына бағыттаған. Ол екі жыл бұрын снайпер оғынан жамбасына алғаш рет жараланған. Тиген оқ құйымшақ жүйкесі зақымдап, соның салдарынан аяқтағы қан айналым бұзылып, сезімталдылық бәсеңдеген.
Ал осы жылғы көктемде Марьинка түбінде оның жанынан екі метр қашықтықта граната жарылған. Екі көзіне зақым келді. Оң көзін дәрі-дәрмекпен емдеп жатса, сол көзіне ота жасау қажет. Көзінің көру қабілеті сақталатынына кепілдік жоқ. Егер жағдайы нашарласа, Мәскеуге жөнелтеді.
"Біз ұлттық гвардия, Украина Қарулы күштері және "Айдар" ұлттық батальонына тап болдық. Біздің бағытта олардың 17-ші танк армиясы қызметте болды. Волноваха мен Марьинкада қиын болды. Негізгі күштер жеткенге дейін шыдап бақтық. Бір әріптесім көз жұды, екіншісі қатты жараланды. Бір уақытта адамға көмектесіп әрі оқ атуға тура келді. Ештеңе етпес, қарсы тұра білдік, - дейді Дмитрий. – Біз қаза болған сарбаздың мәйітін бір аптадан кейін ғана ала алдық. Ал олар өз адамдарын тастап кете береді".
Волновахада ДХР армиясының жауынгерлерін үлкен қуанышпен қарсы алды. "Жертөледегі сыздан балалар ауыра бастады. Жергілікті халық украиндерден дәрі-дәрмек сұраған, бірақ олар бермеген. Керісінше, олар ауыл-аймақты тонаумен айналысқан. Дәріхананы да тонап кеткен", - дейді Троян.
Сергей Бутко әзір аман қалған. Ол 29 наруыздан бері жан сақтау бөлімінде жатыр. Ол да Марьинко түбінде көптеген жарышақ жарақат алып, екі аяғына зақым келген және оң қолын жұлып әкеткен.
"Біз шабуылдадық. Команда құрамында алға қарай ұмтылғаным сол еді, зеңбірекші дәл алдымыздан оқ жаудырды. Окопқа түсіп үлгермедім, қарасам, қолымнан айырылыппын", - дейді сарбаз. Оны атыс аумағынан шет алып кетіп, қолын таңып, тек екі сағаттан кейін майдан даласынан алып шыққан.
АҚШ Украинаға қандай қару жеткізеді?
Сергейдің әзірше болашаққа ешқандай жоспары жоқ. Бейбіт уақытта құрылыста жұмыс істеген. Әкесі ерте қайтыс болған, жасөспірім кезінде шешесін ата-ана құқығынан айырған. "Әрине, дос-таныстарым бар. Бірақ оларға ешқандай үміт артпаймын. Тек өзіме сенемін", - дейді жауынгер.
Жараланғандарға ең бірінші болып майдан жәрігерлері көмек көрсетіп жатыр. Эвакуациялау орны қақтығыс орнынан алты километрден аса жақын болмауы керек. Бірақ Элла бригадасы небәрі бір километр қашықтықта тұр. Верхнеторецктан адамдарды шығарып жатыр.
Горловка түбіндегі бұл ауыл наурыздың соңында азат етілгенімен, бұл жақта әлі де қауіпсіз.
"Жарақаттар тым ауыр: ампутация жүргізу жағдайы, ойық жарақат, бір адамның бойында бірнеше жарақат кездеседі. Жағдайын тұрақтандырып, қан айналымын реттеуге тырысамыз. Одан кейін аурухана жөнелтеміз", - дейді Элла.
Ол Волноваха ауданының Рыбниское ауылында жұмыс істеген. Ол жақта да мина алқаптарынан жаралыларды алып шығумен айналысқан.
"Сауатты қолбасшылық нәтижесінде медицина қызметкерлері арасында адам шығыны жоқ. Бөлімшені аттандырмас бұрын аймақты зерттеп, эвакуациялау жоспарын анықтау қажет. Бағдарды мен және қызмет басшысы тексереді", - дейді жүргізуші және шаруашылық бөлім командирі Денис.
Оның айтуынша, эвакуациялауға арналған жеңіл броньдалған көпмақсатты машинамен жұмыс жүргізіледі. Бірақ оқ бұрқырап жатқан далада жараланған адамға жету оңай емес.
"Жақында Верхнеторецк маңында Украина Қарулы күштері 25-ші әуе-десанттық бригаданың жедел жәрдем көлігін алдық. Тез әрекет етіп, әдір-дәрмек және қажетті жабдықты алдық. Оның барлықы НАТО-ныкі. Тіпті әскери дайын ас та. Тіпті Калашников мылтығына арналған оқсауыт та америкалық. Ірі калибрлі оқ-дәрі де импорттық", - дейді Денис.
Ол 2014 жылдан бері медициналық ротада қызмет етеді. Медицина мамандары өз сарюаздарын да, қарсы тарап әскерилерін де майдан даласынан алып шығып жатыр.
Элла мен Денис науқастардың аяққа тұрып кеткені ең зор қуаныш екенін айтты. "Олар өздері бізді өздері тауып алып, алғыс айтып жатады. Сап-сау. Міне, осыған қуанамыз", - дейді медицина маманы.