Ресейдің Донбастағы операциясының ерекшелігі

Sputnik
Донбаста Ресей әскерилерінің шабуылы авиация, зымыран және артиллериялық қарқынды соққылармен жүріп жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресейлік арнайы операцияның екінші кезеңінің мақсаты – Донбастағы украин әскери топтарының айналасындағы қоршауды тұйықтап, батыс бағыттан жасалатын соққылардың алдын алу үшін Гуляйполе – Павлоград – Изюм желісі бойынша сыртқы жиек құру және "қазандықтағы" саны 100 мыңға жуықтайтын Украина Қарулы күштерінің соғысуға қабілетті әскери бөлімдерінің көзін жою.
Донецк және Луганск халық республикаларының аумағындағы бақылаушылар 18 сәуірден бастап украин күштерінің позициялары бойынша одақтас әскердің жаппай артиллериялық оқ атуы жиілегенін атап өтті. Николаев, Запорожье, Днепропетровск, Харьков, Киев, Львов облыстарының аумағындағы Украина Қарулы күштерінің нысандары, техникасы мен резервтеріне бағытталған зымыран және авиация соққылары арнайы операцияның ауқымы ұлғайғанын аңғартып тұр.
Украина президенті Владимир Зеленский 18 сәуірде "Донбасс үшін шайқас" басталғаны туралы мәлімдеді. РФ сыртқы істер минситрі Сергей Лавровтың айтуынша, Зеленский үнемі пікірін өзгертіп отыратындықтан, оның сөздеріне толық сенуге болмайтынын айтты. Алайда РФ СІМ арнайы операцияның екінші кезеңі басталғанын растады.
Батыстағы одақтастары Киев режиміне әскердің бір бөлігін Донбастан қорғаныстың екінші шебіне қарай алып кетуге бірнеше рет кеңес берді. Бұл "шығыс майдан шебі" қоршауда қалған күнде де Украина Қарулы күштерінің соғысу қабілетін сақтап қалуға мүмкіндік берер еді. Бірақ Зеленский бас тартты.
Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек сатып алмайды
Маруипольдегі украин күштері қиратылды, жеке құрам мен броньдалған техника шығыны тым үлкен. Донбаста Украина Қарулы күштері жақсы дайындалған 15 мыңға жуық жауынгерінен, натолық ондаған әсукери кеңесшісінен және батыс жіберген қару-жарақтың ауқымды бөлігінен айырылып қалды. Бұл шығынның орнын толтыратын қауқар жоқ. Ресей Қарулы күштерінің технологиялық үстемдігі украин әскері кезекті "қазандыққа" тап болып, қайта жеңіліс табатынына кепілдік болып отыр.
"Украина Қарулы күштері мен Украина Ұлттық гвардиясы тиімді қарсы шабуылдауға мүмкіндіктері болмаған соң, Луганск пен Донецк халық республикаларының бейбіт елді мекендеріне, Ресейдің шекара маңындағы аймақтарына соққы жасау әдісіне көшті", - деп жазды Александр Хроленко.
19 сәуірдің таңында украин тарапынан Белгород облысындағы Головчино ауылына артиллериялық снарядтармен оқ атылды. Үш тұрғын зардап шегіп, 30-дан астам үйге зақым келді. Бұл осымен бесінші рет болып отырған "назар бұру" шабуылы. РФ бес субъектісінің шекараға жақын аудандарында 11 сәуірден бастап террористік қауіптің жоғары деңгейі жарияланды.
Украина қауіпсіздік қызметінің генералитеті Украина қарулы күштерінің жекелеген механизацияланған бөлімдері және құрамаларының Белгород, Брянск, Воронеж немесе Курск облыстарындағы елді мекендерді басып алу арқылы мемлекеттік шекарадан өту мүмкін деп санап отыр. Әскери көзқараста террористік тактикаға жол берілмеуі керек. Бірақ Украина 30 жыл бойы "Анти-Ресей" ретінде дамыды.
"Сондықтан Киев режимі Ресей Федерациясының бейбіт тұрғындарына қатысты кез келген шабуылды жөн санап отыр. Олар биологиялық немесе ядролық қару қолдануды да құптайды. Бұл жағдайда ресейлік әскердің Херсон облысында Украина қауіпсіздік қызметінің диверсанттарымен белсенді күресі тым қарапайым көрініп тұр", - деп жазды әскери сарапшы.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Львов, Днепропетровск, Харьков пен Николаевтағы шабуылдарға, бейбіт тұрғындар арасындағы көп адам шығынына және үй-жайдың қирап қалуына, сондай-ақ Маруипольдегі үрейлі гуманитарлық жағдайға алаңдап отырғанын жеткізді. Бірақ 2016 жылдан бастап БҰҰ бас хатшысы Донбастағы қантөгіске ешқандай алаңдамаған еді.
"Мен ешқашан бір тараптың саяси мақсаттағы айласына еретін адам болған емеспін. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы бұл қызметке әлемге қызмет ету, жарғыны құрметтеу және бір тараптың екінші тапақа қарсылық көрсету құралына айналмауын көздейді", - деді ол берген сұхбаттың бірінде. Расында да осылай ма?
Экономика
ЕАЭО елдері өзара есеп айырысуда доллардан бас тартуға тырысып жатыр – Ресей СІМ
Хроленконың пікірінше, Сирия америкалық коалицияның әскери қылмысы туралы БҰҰ-ға хат жолдады. АҚШ-тың жетекшілік етуімен заңсыз халықаралық коалиция күштері 2017 жылдың маусым-қазан айлары аралығында Ракку қаласын күл-талқан етіп, мыңдаған бейбіт тұрғынды қырып тастады. Бірақ Гуттериш алаңдаушылығымен бөліспеген еді. БҰҰ бас хатшысы Пентагонның Украинадағы ондаған биологиялық зертханасына да қатысты пікір айтқан жоқ.
Батыс көшбасшыларының біржақты пікірлеріне қарамастан, Ресей Қарулы күштері Украинадағы арнайы операцияны алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп аяқтайды. РФ президент әкімшілігі басшасының бірінші орынбасары Сергей Кириенко Ресей нацизм әлемнің еш аумағында қайта бас көтермеуі үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынын мәлімдеді.
Арнайы операцияның бірінші күнінен бастап Украинадағы әскери іс-қимыл театрында ресейлік әскер басым күшке ие болып отыр. Бір ғана 19 сәуірге қараған түні Ресей әскери-ғарыш күштерінің дәлдігі жоғары әуе-десанттық зымырандары Украина Қарулы күштерінің 13 бекінісін, Славянск, Барвенково және Попасная маңындағы адам күші мен әскери техника шоғырланған 53 ауданды қиратты. Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Донецк облысында тағы бір украин МиГ-29 ұшағын атып түсірді. Арнайы операция кезінде Украина қарулы күштерінің 140 ұшағы жойылды.
Reuters агенттігі Ресей Батыстың санкциялары мен ашу-ызасына қарамастан, Украинада соғысты ұзақ уақыт жүргізе алатынын жазды. РФ арнайы операциясының әділ әрекет екенін әлемнің басым елі Ресейге қарсы санкция енгізбеуімен дәлел тауып отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы