https://sputnik.kz/20220406/qazaqstan-ukraina-dari-darmek-24019821.html
Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек сатып алмайды
Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек сатып алмайды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек жеткізетіндермен келісімшартты біржақты тәртіпте бұзып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау... 06.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-06T11:13+0500
2022-04-06T11:13+0500
2022-04-06T11:15+0500
дәрі-дәрмек
украина
https://sputnik.kz/img/427/36/4273631_0:167:1920:1247_1920x0_80_0_0_4dac8b71d1e977cf3e780caba979ca98.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек жеткізетіндермен келісімшартты біржақты тәртіпте бұзып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжіліс депутаты Зарина Қамасова үкіметке үнемі дәрі қабылдайтын науқастардың қазіргі геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға алаңдап отырғанын жеткізді. Айтуынша, дәрі-дәрмектің кейбір түрлері Украинадан жеткізіліп келген. Осыған байланысты депутат денсаулық сақтау министрінен бұл мәселе қалай шешіліп жатқанын сұрады.Айтуынша, Қазақстан дәрі-дәрмек көлемінің 1,6%-ін немесе 25 түрін Украинадан жеткізіп келді. Осы жылдың басында Украинадағы жеткізушілер Қазақстанға бұл көлемнің 40-70%-ін жеткізген."Бүгінгі таңда зауыттар жабық. Біз біржақты тәртіппен келісімшартты бұзып жатырмыз және қалған көлемге конкурс өткіземіз. Біз бұл жұмыстарды бірінші шілдеге дейін аяқтап, дәрімен қамтамасыз етеміз", - деді Ғиният.Сонымен қатар, айтуынша, ведомство дәрі-дәрмектің шекті бағасын индексациялауды қарастырып жатыр.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/427/36/4273631_215:0:1910:1271_1920x0_80_0_0_64ab5f0cb557c1561cf829c6811f4c5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек, украина
Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек сатып алмайды
11:13 06.04.2022 (жаңартылды: 11:15 06.04.2022) НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек жеткізетіндермен келісімшартты біржақты тәртіпте бұзып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаты Зарина Қамасова үкіметке үнемі дәрі қабылдайтын науқастардың қазіргі геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға алаңдап отырғанын жеткізді. Айтуынша, дәрі-дәрмектің кейбір түрлері Украинадан жеткізіліп келген. Осыған байланысты депутат денсаулық сақтау министрінен бұл мәселе қалай шешіліп жатқанын сұрады.
"Иә, бүгінгі таңда геосаяси жағдай өте күрделі. Бірақ біз абырой болғанда барлық препарат пен медициналық бұйымға қажеттілікті өткен жылы конкурс өткізіп, препараттың 94-ін сатып алған едік. Бүгінгі таңда "СК-Фармация" қоймалары мен хабтарға барлық препараттың 50%-і жеткізілді. Пациенттерге қажет препарат маусым айының соңына дейін жетеді", - деді министр.
Айтуынша, Қазақстан дәрі-дәрмек көлемінің 1,6%-ін немесе 25 түрін Украинадан жеткізіп келді. Осы жылдың басында Украинадағы жеткізушілер Қазақстанға бұл көлемнің 40-70%-ін жеткізген.
"Бүгінгі таңда зауыттар жабық. Біз біржақты тәртіппен келісімшартты бұзып жатырмыз және қалған көлемге конкурс өткіземіз. Біз бұл жұмыстарды бірінші шілдеге дейін аяқтап, дәрімен қамтамасыз етеміз", - деді Ғиният.
Сонымен қатар, айтуынша, ведомство дәрі-дәрмектің шекті бағасын индексациялауды қарастырып жатыр.