Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Құтқарылған Мариуполь тұрғындары бастан не өткізгенін айтты

Sputnik
Мариупольдан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Көбі баспанасыз қалды. Азов теңізінің жағалауындағы Безыменное аулында Донецк халық республикасының төтенше жағдайлар министрлігі палата лагерін жасақтады. Босқындарға қалай көмек көрсетіліп жатқаны туралы РИА Новости жазды.
Мұнда жеке автокөлік легі километрге созылып жатыр. Эвакуацияланатын әрбір азамат тексеруден өтуде: өйткені украин әскерилері бейбіт тұрғын кейпінде өтіп кетпеуі керек. Барлық ресми рәсім аяқталған соң, бірі Ресей өңірлеріне, бірі Донецк пен Донецк халық республикасының басқа да қалаларындағы туыстарына аттанып жатыр.
"Ер адамдар тексеруден өтіп жатқан кезде балалы әйелдер лагерьге жайғаса алады. Біздің міндет – адамдарды қабылдап алу, жатын орын және тамақпен қамтамасыз ету, - дейді ДХР ТЖМ Мемлекеттік өрт сөндіру-құтқару жасағының 12-ші өрт сөндіру-құтқару бөлімінің басшысы Сергей Штарк. – Адамдарға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Лагерь 450 адамға арналған. Әдетте адам саны түнге қарай көбейеді".
Палаталарда телефонды қуаттап, туыстарымен хабарласуға, интернетке қосылуға мүмкіндік қарастырылған. Бірақ басына күн туғанда баспана беретін жақын туыс бәрінде бірдей бар емес. Мысалы, Наталья мұнда баласымен бірге жатқанына бір айға жуықтады. Ол тұрған көпқабатты тұрғын үй толығымен қиратылған. Сондықтан оның қайтатын жері жоқ.
"Бұл наурыздың 1-інен 2-сіне қараған түні болды. Ұйықтауға дайындалып жатқанбыз. Кенет снаряд атылды. Бірден жертөлеге жүгірдік. Қаншалықты қорқынышты болғанын айтып жеткізу мүмкін емес. Украиндер техниканы тұрғын үйлердің арасына орналастырып, оқ атты. Басқа орынға ауысқан кезде, көпқабатты тұрғын үйлерге оқ атты. Бірақ жертөледе адамдар бас сауғалап отырғанын олар жақсы білді, - дейді Наталья. – Кішкене тынышталғанда ер адамдар жүгіріп шығып, ас-ауқат, су алып келіп жатты. 16 наурызда бізді тапқан кезде ДХР жауынгерлері таң-тамаша болды".
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Мариуполь портында не болып жатыр
Натальяның Марупольде туыстары бар. Бірақ олар аман ба, жоқ па, белгісіз, байланыс жоқ. Ол қалаға кіруге рұқсат берілуін күтіп отыр. Әзірше палатада түнеп жүр. Әр палатаға адам сыяды. Пештен жылу беріліп жатқанмен, желден палата іші салқын болып тұр.
"Біз шағымданбаймыз, керісінше, ризамыз. Бізді жылы қарсы алды. Үйге қайтсақ екен", - дейді зейнеткер Наталья Федоровна.
Наурызда үйінің жанына снаряд құлауы салдарынан ол контузия алған. Наталья жеке секторда тұрған. Бірақ ол жақта қалу тым қауіпті болды. "Азовтықтар" көрші үйлерге басып кіріп, қарттарды қуып шығып, аулаға миномет орналастырған.
"Азовтықтармен" неше жыл көрші тұрып, оларды қорғаушымыз деп сендік. Мұндайды ешкім күтпеді. Күйеуіммен жертөлеге түскен соң, әрбір атылған снаряд дыбысын естіп, оның бізге тимегеніне құдайға шүкірлік етіп отырдым, - деп қарт әйел көзіне жас алды. - 25 наурызда бізді эвакуациялады. Жолдасым бармай қойды. Ол – капитан, Балтық флотында қызмет еткен. Ол "суға кеткен кемені тастап кетпейтінін" айтып, мені елде күтетінін жеткізді".
Ал Оксана күйеуімен бірге Мариупольдің Приморск ауданынан келді. Олардың үйіне бомбадан зақым келіп, сондықтан Моряков аулындағы туыстарын паналаған. Бірақ оқ-снаряд ол жаққа да жетті.
"12 наурызда 33 мектепке су алып келді. Адамдар су алу үшін жертөледен шықты. Бірақ оларға қарсы оқ жаудырды. Біз Черемушка ауданында тыныш болар деп, сонда аттандық. Жолда тағы оқ астында қалдық. Есігі ашық тұрған бейтаныс адамның үйінде бас сауғаладық. Осы сәтте ауруханадан адамдар қашып шыға бастады. Ал оларға снайперлер оқ атты. Баласымен шыққан әйелге оқ тиіп құлады. Баласы анасының бетіне қарап, оны қатты дауыстап шақырып жатты, - деп жылады Оксана. – Біз тозақтан шықтық".
Ол жолдасы екеуі 20 наурызда жертөледен шығып, үйді-үйді паналап, алға қарай жылжып отырған. Содан кейін Донецк халық республикасының жауынгерлерін кезіктірген. Старобешеводағы тексеруден өткен соң, Безыменноеға келді. "Осында күтіп отырмыз. Қалаға қайту керек. Барлық туысымыз сол жақта".
Ал Татьяна ұлы және күйеуімен бірге Курск облысындағы туыстарына аттанбақшы. "Біз өз қаламызды жақсы көреміз. Бірақ қирандыда қандай болашақ құруға болады? Ұлым тоғызыншы сыныпта оқиды. Ол мектепті бітіргенін қалаймын", - дейді Татьяна.
Олар жертөледе бір айдан астам уақыт бойы болған және осы уақыт ішінде тек волонтерлардан ғана екі рет гуманитарлық көмек алған.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина мен Ресейдің сыртқы істер министрлері кездесті
"Украин әскерилерінен сұрадық. Олар бірдеңе қажет болса, қирап жатқан дүкендерден алуға кеңес беріп, бізге ешкім ештеңе әкеліп бермейтінін айтты, - дейді Татьяна. – Бізді тірі қалқан ретінде қолданды. Ал жоғарыдағы қабаттағы пәтерлерден үй иелерінен сұрамай-ақ көшіріп тастады. Өйткені ол жақта снайперлер орналасты".
Палата лагерінде тағы бір кезек бар. Бұл – түскі ас кезегі. Қарақұмық, бір тілім нан, шай. Соңғы күндері мұнда Мирный аулының тұрғындары жеткізіліп жатыр. Ол Мариуполдің шетінде, Ильич атындағы металлургия зауытының жанында орналасқан.
"Ұлтшылдар азаматтық киім киіп, біздің арамызда сіңісіп кетуге тырысып жатыр. Сондықтан ер адамдарды қатаң тексеріп жатыр. Біз шыдауға дайынбыз және жігіттерге кедергі жасағымыз келмейді", - дейді Григорий Сытников.
Ол кезінде аталған Ильич атындағы металлургиялық зауытта жұмыс істеген: "Жертөле тереңдігі 30 метр екенін кеңес заманынан білемін. Қала ішіндегі қала дерсің. "Азовтықтарды" жертөледен шығару оңай шаруа емес. Жергілікті тұрғындар мұны жақсы түсінеді". Жақында 66жасқа толған қария қираған үйі мен бомбалар жайлы бірсарынды әңгімелеп берді. Алайда төбеті туралы айтқанда дауысында діріл пайда болды. "Мен жертөлеге түсіп жатқан кезде, орнынан қозғалмады. Мені күзетіп тұрды".
ТЖМ қызметкерлері кез келген уақытта моральдық көмек көрсетуге дайын. "Барлығы күзелісте, бәрінің бойын үрей билеген. Бәрінен бұрын балалар мен қариялар қатты уайымға берілген. Оларды жіті бақылауда ұстап отырмыз", - дейді ДХР ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясы психологиялық қамсыздандыру секторының меңгерушісі Анна Чумак.
Безыменноедағы палата лагері – бар болғаны өткел орын. Барар жері жоқ азаматтар уақытша орналастыру орындарына жүгіне алады. Мұндай орын саны 9,5 мыңнан асады. Ұлттық қорғанысты басқару орталығы ұсынған мәлімет бойынша, арнайы операция кезінде Украина, Донецк пен Луганск халық республикаларын Ресейге 830 мың адам эвакуацияланған.