Оқиға

Қостанайда базар маңынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Тергеу жүріп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қостанайда ер адам базар маңынан пакетке оралған нәрестенің денесін тауып алды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 сәуір кешкі бестер шамасында 37 жастағы ер адам "Беркут" базары аумағынан жаңа туған нәресте оралған пакет тауып алған. Сәби қимылсыз жатқан.
"Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы жаңа туған қыздың денесін тапты", - делінген хабарламада.
Қазір Қылмыстық кодекстің 100-бабы " Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Тергеу жүріп жатыр, сараптама белгіленді.
Полиция осы жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат білетін тұрғындардан құқық қорғаушыларға хабар беруді сұрады.
Қарағандыда гараж маңынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды