Қарағандыда гараж маңынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

© Photo : pixabay.comсәби
сәби - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2022
Жазылу
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан жауап алынып, тиісті шаралар жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Қарағандыда ер адам пакетке оралған жаңа туған сәбидің мәйітін тапты.
9 сәуірде Қарағанды қаласы полиция басқармасының Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, гаражға жақын аумақты тазалау кезінде шақалақ мәйітін тауып алғанын айтқан. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жетті, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
"Ер баланың мәйітінде ешқандай дене жарақаты болмағаны және оны пакетке орағаны анықталды. Қазіргі уақытта жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан жауап алынып, сәбидің анасын анықтау мақсатында жедел іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 100-бабы "Анасының жаңа туған сәбиді өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
0