Спорт

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында күрестен күміс жүлде алды

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекболатов финалда құрлықтың қазіргі чемпионы – жапондық Ю Шиотанимен кездесті
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстандық спортшы Аманғали Бекболатов Моңғолияда өткен Азия чемпионатында күміс жүлде алды.
55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекболатов финалда құрлықтың қазіргі чемпионы – жапондық Ю Шиотанимен кездесті.
Екі минуттық жекпе-жектен кейін қазақстандық 2:0 есебімен алға шықты, бірақ кейін қарсыласының шабуылын өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіліп қалды (2:13).
Осылайша, қазақстандық спортшылар арасында финалға жолдаманы Мейрамбек Айнағұлов, Мақсат Ережепов және Әлімхан Сыздықов алды, сондай-ақ Нұрсұлтан Тұрсынов турнирдің қола жүлдесі үшін күреседі.
Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингіде көш бастады