https://sputnik.kz/20220406/qazaqstan-sportshy-reyting-24017639.html
Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингіде көш бастады
Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингіде көш бастады
Sputnik Қазақстан
Жансель Дениз 2018 жылы Джакартада Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған 06.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-06T10:03+0500
2022-04-06T10:03+0500
2022-04-06T10:03+0500
рейтинг
https://sputnik.kz/img/07e5/07/1b/17698190_0:133:3171:1916_1920x0_80_0_0_e2d3a277be234257e8e10444294e38db.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстандық таэквандошы Жансель Дениз әлемдік рейтингіде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлады Sports.kz сайты.Қазақстанның таэквандо тарихында алғаш рет спортшымыз әлемдік рейтингіде көш бастады. 73 келі салмақ дәрежесінде Дениз 139.81 ұпаймен бірінші орынға шықты. Одан кейін ресейлік Полина Хан (107.94), ал үшінші орында Оңтүстік Корея спортшысы Да Бинь Ли (105.60) тұр. Бұған дейінгі рейтингіде қазақстандық таэквандошы қыз төртінші орында болған.Жансель Дениз 2018 жылы Джакартада Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған. Ал одан бір жыл бұрын Тайваньның Тайбэй қаласында өткен Жазғы универсиадада күміс медаль жеңіп алған. Бұл – қазақстандық спортшының ең жоғары жетістіктері. Бұдан бөлек, Дениз сан алуан халықаралық турнирлерде жеңіске жеткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/1b/17698190_219:0:2950:2048_1920x0_80_0_0_445eae8d35e4483ed7f2b3fc7366eaa6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рейтинг
Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингіде көш бастады
Жансель Дениз 2018 жылы Джакартада Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстандық таэквандошы Жансель Дениз әлемдік рейтингіде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлады
Sports.kz сайты.
Қазақстанның таэквандо тарихында алғаш рет спортшымыз әлемдік рейтингіде көш бастады. 73 келі салмақ дәрежесінде Дениз 139.81 ұпаймен бірінші орынға шықты. Одан кейін ресейлік Полина Хан (107.94), ал үшінші орында Оңтүстік Корея спортшысы Да Бинь Ли (105.60) тұр. Бұған дейінгі рейтингіде қазақстандық таэквандошы қыз төртінші орында болған.
Жансель Дениз 2018 жылы Джакартада Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған. Ал одан бір жыл бұрын Тайваньның Тайбэй қаласында өткен Жазғы универсиадада күміс медаль жеңіп алған. Бұл – қазақстандық спортшының ең жоғары жетістіктері. Бұдан бөлек, Дениз сан алуан халықаралық турнирлерде жеңіске жеткен.