Фото

Қасиетті Рамазан айында әлем елдері қандай ас әзірлейді – фото

Қасиетті Рамазан айы бел ортасынан асты. Коронавирус пандемиясы басталған шақтан бері алғаш рет ауыз бекітумен байланысты түрлі діни шаралар шектеусіз өтіп жатыр
Sputnik
Діндар адам үшін коронавирус шектеулеріне екі жыл қатарынан мойынсұну оңай емес. Рамазан айында ораза ұстау – әрбір мұсылман үшін парыз саналады.
Бұл шақта таңғы намаздан күн батқанға дейін нәр татпай, уақытты құлшылықпен өткізу керек. Таң атқанда мұсылман баласы ораза ұстауға ниет етіп, ауыз ашатын уақытқа дейін су мен астан бас тартады.
Сонымен қатар, ораза тұтқан адамды сыйлап, оған арнайы тамақ әзірлеудің ислам дінінде сауабы мол деген сенім бар.
Әлем елдері ауызашарға қандай ас дайындайтыны туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз.
1 / 12

Діндарлардың тағамы олардың қай ендікте тіршілік етуіне, сондай-ақ мәдениетіне байланысты әр алуан болады. Мына суретте Мумбайдағы көше саудагері қытырлақ қауыз араласқан қуырылған теңіз өнімдерін сатып тұр

2 / 12

Ал Катмандудағы мына ер адам қамырын ұн мен қара судан дайындайтын "роти" нанын әзірлеп жатыр

3 / 12

Тайландтың оңтүстігіндегі Наратхиват провинциясында діндарларға кешкі намаздан кейін ауыз ашуға жергілікті түрлі тамақ ұсынылады

4 / 12

Жұмысшылар Кувейттегі дүкендерде сату үшін асханадан кунафа салынған ыдыстарды шығарып жатыр. Кунафа – қант шәрбаты мен ірімшік кремі сіңген тәтті тағам. Бұл ас Рамазан айында араб елдерінде үлкен сұранысқа ие

5 / 12

Мумбайдағы көп көше саудагері бір адамға арналған тағам дайындап сатады. Дайын астың ішінде көкөніс пен жеміс, тауық немесе басқа да ет тағамдары бар

6 / 12

Бангладеш астанасы Даккадағы бұл базарға келушілер ауызашарға қуырылған тәтті тоқаш пен ет жолақтарын сатып алады. Бұл қос тағамның иісі мұрын жарады

7 / 12

Индонезияның Ява аралындағы Джокьякарта мешітінде әйел адам ораза ұстаған мұсылмандарға арнап ас пісіріп жатыр. Әрбір порция тағамда күріш, шағын тефтели, жаңғақ пен көкөніс бар

8 / 12

Пәкістандағы Карачи қаласындағы аспаз ауызашарға арнап тауық еті мен балық қосылған тағам пісірген

9 / 12

Палестиналық Газ секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы базар саудагері тұздалған және консервідегі көкөніс сатып тұр

10 / 12

Ауғанстанның Кандагар қаласында дәстүрлі тәтті тағам саудагерлері сатып алушыларды күтіп отыр

11 / 12

Катманду мешітінің қызметкері ауызашар дастарханына күріш тәтті тағамы бар ыдыстарды орналастырып жатыр

12 / 12

Волонтер Карачи мешітінің жанында ауызашар дастарханын қамдап жатыр