Қаңтар оқиғасы

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы туралы: 11 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді

Бір қылмыстық іс сотқа жолданған
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Қаңтар оқиғасына қатысты жалған ақпарат таратқандарға қатысты 11 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде "фейктер" деп аталатын, соның ішінде күдіктілерге тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану туралы ақпарат тарауда. Әрбір факт жан-жақты тексеріліп жатыр", - деді Қилымжанов.

Ол сондай-ақ Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салды.
"Қазір осындай хабарламалар бойынша 11 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Бір қылмыстық іс сотқа жолданды", - деді ол.
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: Шымкент пен Таразда әкімдікке шабуылдаған 30-дан астам адам қаза болған