Каспий құбыр желісіндегі апаттан Қазақстан 100-150 млрд теңге жоғалтуы мүмкін

Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ке жуығын экспорттайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Каспий мұнай құбырындағы апаттың салдарынан Қазақстан 100-150 миллиард теңге жоғалтуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, шығын сомасын әзірге нақты айту мүмкін емес. Бәрі құбыр желісінің қашан жөнделетініне және санкциялық шараларға байланысты.
"Ал жалпы шығын мөлшері 100-150 миллиард теңге деп бағаланып отыр. Егер тезірек қалпына келсе, әрине, аз болады", - деді Жамаубаев үкімет кулуарында.
Еске салсақ, Каспий құбыр желісі консорциумында қолайсыз ауа райы салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталды. Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылған болатын.
Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ке жуығын экспорттайды.
Экономика
Каспий мұнай құбырындағы апат: бюджетке түсетін қаржы көлемі азая ма