https://sputnik.kz/20220324/kaspiy-qubyr-zhelisi-byudzhet-23709687.html
Каспий мұнай құбырындағы апат: бюджетке түсетін қаржы көлемі азая ма
Каспий мұнай құбырындағы апат: бюджетке түсетін қаржы көлемі азая ма
Sputnik Қазақстан
Каспий құбыр желісі консорциумындағы апаттан кейін мұнай тасымалдаудың баламалы жолдарын табуға уақыт қажет 24.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-24T15:32+0500
2022-03-24T15:32+0500
2022-03-24T15:32+0500
экономика
мұнай
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664675_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_7991b1836088d220843e09fbf2ce0a3c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстан Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы жеткізілетін мұнайдың барлығын баламалы жолмен тасымалдай алмайды. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов Atameken Business арнасына берген сұхбатта айтты.Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Каспий құбыр консорциумы арқылы 53-54 миллион тонна мұнай жеткізілген болатын. Оның айтуынша, Каспий құбыры арқылы тасымалданған мұнайдың бір бөлігі Ақтау порты арқылы жөнелтіледі. "Сонымен қатар Самара арқылы өтетін мұнай құбыры бар. Бұдан бөлек, бір бөлігін қытай жаққа жіберуге болады. Ал басқа ауқымды маршруттарды шешу үшін уақыт қажет болады", - деп атап көрсетті Ақшолақов. Министрдің ойынша, консорциумдағы апаттың салдарынан қазақстандық мұнай экспортының қысқаруы бюджетке түсетін қаржы көлеміне қатты әсер етпейді. Себебі мұнайдың әлемдік бағасы жоғары болып тұр. "Бүгінде мұнайдың бағасы айтарлықтай жоғары, тіпті, өте жоғары деуге болады. Таңертең 120 доллардан асып кеткен. Біз болсақ, биылғы жылы орташа баға 60 доллар болады деп жоспарлағанбыз. Сондықтан бюджетке түсетін қаржы жағынан қандай да бір қауіп көріп тұрған жоқпын", - деді Ақшолақов. Ал мұнай сервистік компаниялар одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов министрдің пікірімен келіспейді. "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында ол Каспий құбыр желісі консорциумы жұмысын тоқтатқаннан кейін ел бюджетіне жарты триллион теңге түспей қалатынын айтты. Айта кетері, Каспий құбыр желісі консорциумында қолайсыз ауа-райының салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталды. Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылған болатын. Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ке жуығын экспорттайды. АҚШ осы желі арқылы тасымалданатын Ресей мұнайына санкция енгізген болатын. Бірақ бұл тыйымның Қазақстан мұнайына қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664675_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_42fd1b055ed5825ddf42bbfecfb32e25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, экспорт
Каспий мұнай құбырындағы апат: бюджетке түсетін қаржы көлемі азая ма
Каспий құбыр желісі консорциумындағы апаттан кейін мұнай тасымалдаудың баламалы жолдарын табуға уақыт қажет
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстан Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы жеткізілетін мұнайдың барлығын баламалы жолмен тасымалдай алмайды. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов
Atameken Business арнасына берген сұхбатта айтты.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Каспий құбыр консорциумы арқылы 53-54 миллион тонна мұнай жеткізілген болатын.
"Дәл қазір осыншама көп мұнайды басқа жолдармен тасымалдау өте қиын. Бізде баламалы жолдар бар. Бірақ ол арқылы барлығын жеткізу мүмкін емес. Мұнайдың барлық көлемін қайта тарату үшін уақыт керек", - дейді Ақшолақов.
Оның айтуынша, Каспий құбыры арқылы тасымалданған мұнайдың бір бөлігі Ақтау порты арқылы жөнелтіледі.
"Сонымен қатар Самара арқылы өтетін мұнай құбыры бар. Бұдан бөлек, бір бөлігін қытай жаққа жіберуге болады. Ал басқа ауқымды маршруттарды шешу үшін уақыт қажет болады", - деп атап көрсетті Ақшолақов.
Министрдің ойынша, консорциумдағы апаттың салдарынан қазақстандық мұнай экспортының қысқаруы бюджетке түсетін қаржы көлеміне қатты әсер етпейді. Себебі мұнайдың әлемдік бағасы жоғары болып тұр.
"Бүгінде мұнайдың бағасы айтарлықтай жоғары, тіпті, өте жоғары деуге болады. Таңертең 120 доллардан асып кеткен. Біз болсақ, биылғы жылы орташа баға 60 доллар болады деп жоспарлағанбыз. Сондықтан бюджетке түсетін қаржы жағынан қандай да бір қауіп көріп тұрған жоқпын", - деді Ақшолақов.
Ал мұнай сервистік компаниялар одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов министрдің пікірімен келіспейді.
"Хабар 24" арнасына берген сұхбатында ол Каспий құбыр желісі консорциумы жұмысын тоқтатқаннан кейін ел бюджетіне жарты триллион теңге түспей қалатынын айтты.
Айта кетері, Каспий құбыр желісі консорциумында қолайсыз ауа-райының салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталды. Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылған болатын.
Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ке жуығын экспорттайды.
АҚШ осы желі арқылы тасымалданатын Ресей мұнайына санкция енгізген болатын. Бірақ бұл тыйымның Қазақстан мұнайына қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.