НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Атырау облысының тұрғыны перзентханадан босанып шыққан әйелін сәбиімен бірге үйге қайықпен алып кетті, деп хабарлады ATPress.kz порталы.
Ерлі-зайыптылар Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында тұрады. Жақында ол жерде тасқын судың салдарынан тас жолды жауып тастады.
Осыған байланысты анасы мен нәрестені үйге қайықпен апарауға тура келді.
Әлеуметтік желіде ауылына қайықпен келген отбасының видеосы тарады. Оларды туыстары "Немерем" әнімен қарсы алып жатыр.
Отағасы Адамзат Нұрмұханов бесінші баланың әкесі атанып отыр. Осы жолы қызы дүниеге келді. Салмағы – 2 900 грамм.
"Атын Нәзік деп қоюға келістік. Су тасқыны салдарынан аудан орталығына көлікпен шыға алмай отырмыз. Миялыға жету үшін құтқарушылар моторлы қайықты ұйымдастырды. Ал концерттік бағдарламаны достарымыз жасап берді", - дейді 34 жастағы әке.
Ал әлеуметтік желі пайдаланушылары баланың атын Толқын немесе Тасқынгүл қоюға ұсыныс жасап отыр.