https://sputnik.kz/20220419/atyrau-perzentakhana-qayyq-video-24314263.html
Атырау тұрғыны перзентханадан шыққан келіншегін үйге қайықпен алып кетті – видео
Атырау тұрғыны перзентханадан шыққан келіншегін үйге қайықпен алып кетті – видео
Sputnik Қазақстан
Су тасқыны салдарынан аудан орталығына көлікпен қатынау мүмкін емес 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T17:22+0500
2022-04-19T17:22+0500
2022-04-19T17:26+0500
атырау
перзентхана
қайық
https://sputnik.kz/img/old/895/07/8950728_0:132:3267:1970_1920x0_80_0_0_0b3e1c1d04c55ddd33d93999338c96d3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Атырау облысының тұрғыны перзентханадан босанып шыққан әйелін сәбиімен бірге үйге қайықпен алып кетті, деп хабарлады ATPress.kz порталы.Ерлі-зайыптылар Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында тұрады. Жақында ол жерде тасқын судың салдарынан тас жолды жауып тастады. Осыған байланысты анасы мен нәрестені үйге қайықпен апарауға тура келді. Әлеуметтік желіде ауылына қайықпен келген отбасының видеосы тарады. Оларды туыстары "Немерем" әнімен қарсы алып жатыр. Отағасы Адамзат Нұрмұханов бесінші баланың әкесі атанып отыр. Осы жолы қызы дүниеге келді. Салмағы – 2 900 грамм. "Атын Нәзік деп қоюға келістік. Су тасқыны салдарынан аудан орталығына көлікпен шыға алмай отырмыз. Миялыға жету үшін құтқарушылар моторлы қайықты ұйымдастырды. Ал концерттік бағдарламаны достарымыз жасап берді", - дейді 34 жастағы әке. Ал әлеуметтік желі пайдаланушылары баланың атын Толқын немесе Тасқынгүл қоюға ұсыныс жасап отыр.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/895/07/8950728_268:0:2999:2048_1920x0_80_0_0_4d585524bb49b3005657da3349f52260.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, перзентхана, қайық
атырау, перзентхана, қайық
Атырау тұрғыны перзентханадан шыққан келіншегін үйге қайықпен алып кетті – видео
17:22 19.04.2022 (жаңартылды: 17:26 19.04.2022) Су тасқыны салдарынан аудан орталығына көлікпен қатынау мүмкін емес
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Атырау облысының тұрғыны перзентханадан босанып шыққан әйелін сәбиімен бірге үйге қайықпен алып кетті, деп хабарлады
ATPress.kz порталы.
Ерлі-зайыптылар Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында тұрады. Жақында ол жерде тасқын судың салдарынан тас жолды жауып тастады.
Осыған байланысты анасы мен нәрестені үйге қайықпен апарауға тура келді.
Әлеуметтік желіде ауылына қайықпен келген отбасының видеосы тарады. Оларды туыстары "Немерем" әнімен қарсы алып жатыр.
Отағасы Адамзат Нұрмұханов бесінші баланың әкесі атанып отыр. Осы жолы қызы дүниеге келді. Салмағы – 2 900 грамм.
"Атын Нәзік деп қоюға келістік. Су тасқыны салдарынан аудан орталығына көлікпен шыға алмай отырмыз. Миялыға жету үшін құтқарушылар моторлы қайықты ұйымдастырды. Ал концерттік бағдарламаны достарымыз жасап берді", - дейді 34 жастағы әке.
Ал әлеуметтік желі пайдаланушылары баланың атын Толқын немесе Тасқынгүл қоюға ұсыныс жасап отыр.