Оқиға

Алматыда ер адам валюта айырбастау пунктінен шыққан ерлі-зайыптыға оқ атты

40 жастағы күдікті Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде ұсталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Алматыда ер адам травматикалық тапаншадан ерлі-зайыптыға оқ атты, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияның хабарлауынша, Жетісу-4 шағын ауданындағы айырбастау пунктінің маңында қарақшылық шабуыл жасалды.

"Белгісіз адамдар валюта айырбастау пунктінен шыққан ерлі-зайыптыға шабуыл жасады. Олардың сөмкесінде ақша бар деп ойлаған, алайда ол бос болып шықты. Ерлі-зайыптыға травматикалық тапаншадан оқ атқан. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Әуезов ауданы полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Шабуыл жасаған адамды арнайы жедел-тергеу тобы іздеді. 40 жастағы күдікті Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде ұсталды. Ол Алматыға жеткізіліп, қамауға алынды.
Қарақшылық шабуыл сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.
Оқиға
Петропавлда курсанттардың оқу-жаттығуы кезінде кездейсоқ жұмысшыға оқ тиді