Оқиға

Алматыда ер адам валюта айырбастау пунктінен шыққан ерлі-зайыптыға оқ атты

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуОқ ату
Оқ ату  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
40 жастағы күдікті Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде ұсталды
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Алматыда ер адам травматикалық тапаншадан ерлі-зайыптыға оқ атты, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияның хабарлауынша, Жетісу-4 шағын ауданындағы айырбастау пунктінің маңында қарақшылық шабуыл жасалды.

"Белгісіз адамдар валюта айырбастау пунктінен шыққан ерлі-зайыптыға шабуыл жасады. Олардың сөмкесінде ақша бар деп ойлаған, алайда ол бос болып шықты. Ерлі-зайыптыға травматикалық тапаншадан оқ атқан. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Әуезов ауданы полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Шабуыл жасаған адамды арнайы жедел-тергеу тобы іздеді. 40 жастағы күдікті Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде ұсталды. Ол Алматыға жеткізіліп, қамауға алынды.
Қарақшылық шабуыл сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.
Қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Оқиға
Петропавлда курсанттардың оқу-жаттығуы кезінде кездейсоқ жұмысшыға оқ тиді
Жаңалықтар
0