Өңірлер

Шымкентте шенеуніктерден ақша бопсалаған "блогер" ұсталды

Өздерін блогерміз деп таныстырған бірнеше адам әкімшілік ғимараттағы жыртылған тудың видеосын желіге жариялаймыз деп қорқытқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Шымкентте шенеуніктерге өзін блогер ретінде таныстырып, қоқан-лоққы көрсеткен жергілікті тұрғын ұсталды. Оған ақша бопсалады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Otyrar порталы.
Полицияға шенеунік шағымданған. Оның айтуынша, өздерін блогерміз деп таныстырған бірнеше адам әкімшілік ғимараттағы жыртылған мемлекеттік тудың видеосын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп қорқытқан. Роликті интернетке салмау үшін 500 мың теңге талап еткен.
Ақша бопсалаған блогер қылмыс үстінде ұсталды. Тергеушілер оның Toyota Camry автокөлігінен 300 мың теңге тәркіледі. Оған қарсы Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Бопсалаушылық) бойынша іс қозғалды.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Оқиға
Өзін блогер ретінде таныстырған: Алматыда полицияны бопсалаған ер адам ұсталды