НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Петропавлда мина қойылды деген қоңыраудан кейін облыстық аурухананың пациенттерін шұғыл түрде эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көпбейінді облыстық аурухананың мәліметінше, 15 сәуір түс кезінде аурухана зертханасына белгісіз біреу телефон шалып, бомба бар екенін айтқан. Зертхана дәрігері бірден ТЖ кезіндегі хабарландыру схемасына сәйкес әрекет етті.
Облыстық ауруханадағы эвакуация
© Photo : Областная больница СКО
"Аурухана әкімшілігі арнайы қызметтермен бірлесіп ғимараттан 250-ден астам пациент пен қызметкерді шығарды. Науқастардың жағдайына қарай оларды емхананың акт залы мен хирургиялық корпус ғимаратына уақытша орналастырды. Ауыр пациенттер хирургия бөлімшесі мен созылмалы гемодиализ және нефрология бөлімшесіне жатқызылды", - деді ауруханадағылар.
Облыстық ауруханадағы эвакуация
© Photo : Областная больница СКО
Барлық пациентке толық көлемде медициналық көмек көрсетілген. Сонымен қатар, аурухана эвакуацияланғандарды жүрек жалғау үшін азық-түлікпен және ауыз сумен қамтамасыз етті.
Алайда ауруханада бомба қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты. Пациенттер палатасына, ал қызметкерлер жұмыс орнына оралды. Ешкім зардап шеккен жоқ.