Өңірлер

Бомба бар деген хабар түскен: Петропавл ауруханасында шұғыл эвакуация жүргізілді

© Photo : Областная больница СКОЭвакуация
Эвакуация - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Жазылу
Ауыр хәлде жатқан науқастарды медициналық аппаратурамен бірге сыртқа шығарған
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Петропавлда мина қойылды деген қоңыраудан кейін облыстық аурухананың пациенттерін шұғыл түрде эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көпбейінді облыстық аурухананың мәліметінше, 15 сәуір түс кезінде аурухана зертханасына белгісіз біреу телефон шалып, бомба бар екенін айтқан. Зертхана дәрігері бірден ТЖ кезіндегі хабарландыру схемасына сәйкес әрекет етті.
© Photo : Областная больница СКООблыстық ауруханадағы эвакуация
Эвакуация в облбольнице в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Облыстық ауруханадағы эвакуация
"Аурухана әкімшілігі арнайы қызметтермен бірлесіп ғимараттан 250-ден астам пациент пен қызметкерді шығарды. Науқастардың жағдайына қарай оларды емхананың акт залы мен хирургиялық корпус ғимаратына уақытша орналастырды. Ауыр пациенттер хирургия бөлімшесі мен созылмалы гемодиализ және нефрология бөлімшесіне жатқызылды", - деді ауруханадағылар.
© Photo : Областная больница СКООблыстық ауруханадағы эвакуация
Эвакуация в облбольнице в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Облыстық ауруханадағы эвакуация
Барлық пациентке толық көлемде медициналық көмек көрсетілген. Сонымен қатар, аурухана эвакуацияланғандарды жүрек жалғау үшін азық-түлікпен және ауыз сумен қамтамасыз етті.
Алайда ауруханада бомба қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты. Пациенттер палатасына, ал қызметкерлер жұмыс орнына оралды. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Жаңалықтар
0