Алматыда үш жұмысшыны арматура басып қалды

Оқыс оқиғаның салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілген, қаза болғандар жоқ
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Алматыда құрылыс алаңдарының бірінде төтенше жағдай болды – жұмысшыларды арматура басып қалды.
Бірнеше адам темір металдың астында қалды.
Куәгерлер төтенше жағдайдың қалай болғанын видеоға түсіріп алған.
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарақат алған үш адам жеткізілді. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Бостандық ауданының полиция қызметкерлері қауіпсіздік техникасын бұзу фактісі тергеліп жатқанын айтты.
"Зардап шеккен жұмысшыларға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кей мәліметке сүйенсек, құрылысты "Базис-А" компаниясы жүргізіп жатқан. Sputnik Қазақстан компаниядан жағдайға байланысты пікір білдіруін сұрады.