Қоғам

Қарин мемлекеттік туды кеңінен қолдану мәселесін пысықтауды тапсырды

Биыл республика мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өтеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Жиында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай өтетін негізгі іс-шаралар жайында баяндап, ұйымдастыру-дайындық жұмысы және жоспарға сай өтетін мәдени-көпшілік шаралар туралы айтты.
Сонымен қатар отырыста Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдері мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөнінде баяндама жасады.
Мемлекеттік хатшы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы мемлекеттік рәмізді пайдалануға қатысты құқықтық актілер либерализация бағытына өзгергенін атап өтті. Осы орайда Ерлан Қарин мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда, мемлекеттік туды кеңінен қолдануға қатысты мәселені пысықтауды тапсырды.
Комиссия төрағасы мемлекеттік рәміздердің қоғамды біріктіретінін айтып, еліміздің ажырамас бөлігі және Тәуелсіздігіміздің бет-бейнесі екеніне тоқталды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өтетін жалпы республикалық іс-шараларды сапалы өткізуге қатысты бірқатар тапсырма берілді.
Қоғам
Туды балконға ілуге рұқсат етті: қазақстандықтар қандай жағдайда айыппұл арқалайды