https://sputnik.kz/20220415/qarin-memlekettik-tu-keninen-qoldanu-24236883.html
Қарин мемлекеттік туды кеңінен қолдану мәселесін пысықтауды тапсырды
Қарин мемлекеттік туды кеңінен қолдану мәселесін пысықтауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Биыл республика мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өтеді 15.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-15T17:43+0500
2022-04-15T17:43+0500
2022-04-15T17:43+0500
қоғам
ерлан қарин
мемлекеттік ту
https://sputnik.kz/img/1073/33/10733355_0:132:2500:1538_1920x0_80_0_0_c56d3ed2ac0a41d0aa18c0ca0c7056e6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.Жиында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай өтетін негізгі іс-шаралар жайында баяндап, ұйымдастыру-дайындық жұмысы және жоспарға сай өтетін мәдени-көпшілік шаралар туралы айтты.Сонымен қатар отырыста Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдері мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөнінде баяндама жасады.Мемлекеттік хатшы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы мемлекеттік рәмізді пайдалануға қатысты құқықтық актілер либерализация бағытына өзгергенін атап өтті. Осы орайда Ерлан Қарин мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда, мемлекеттік туды кеңінен қолдануға қатысты мәселені пысықтауды тапсырды.Комиссия төрағасы мемлекеттік рәміздердің қоғамды біріктіретінін айтып, еліміздің ажырамас бөлігі және Тәуелсіздігіміздің бет-бейнесі екеніне тоқталды.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өтетін жалпы республикалық іс-шараларды сапалы өткізуге қатысты бірқатар тапсырма берілді.
https://sputnik.kz/20201213/Tu-balkon-aiyppul-15727882.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1073/33/10733355_138:0:2363:1669_1920x0_80_0_0_5be3b8d1d033229bb2c0581f47bccd58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан қарин, мемлекеттік ту
ерлан қарин, мемлекеттік ту
Қарин мемлекеттік туды кеңінен қолдану мәселесін пысықтауды тапсырды
Биыл республика мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды
Ақорда. Жиында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай өтетін негізгі іс-шаралар жайында баяндап, ұйымдастыру-дайындық жұмысы және жоспарға сай өтетін мәдени-көпшілік шаралар туралы айтты.
Сонымен қатар отырыста Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдері мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөнінде баяндама жасады.
Мемлекеттік хатшы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы мемлекеттік рәмізді пайдалануға қатысты құқықтық актілер либерализация бағытына өзгергенін атап өтті. Осы орайда Ерлан Қарин мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда, мемлекеттік туды кеңінен қолдануға қатысты мәселені пысықтауды тапсырды.
Комиссия төрағасы мемлекеттік рәміздердің қоғамды біріктіретінін айтып, еліміздің ажырамас бөлігі және Тәуелсіздігіміздің бет-бейнесі екеніне тоқталды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өтетін жалпы республикалық іс-шараларды сапалы өткізуге қатысты бірқатар тапсырма берілді.