АЛМАТЫ, 15 сәуір — Sputnik. Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап, ол үшін құн сұраған күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
26 жастағы азамат бір апта бұрын Алматыға келген. Еш жерде жұмыс істемейтін жігіттің Қарағанды облысынан келгені анықталды.
"Ол қылмыстық жолмен күн көрмек болған. Тұрғын үйлердің ауласында тұрған көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп, нөмір иесіне көліктің алдыңғы әйнегіне 10 мың теңгеге сататынын жазып, хат қалдырған", - деді Әуезов ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.
Оның мұндай жеті ұрлыққа қатысы бары анықталды. Күдікті кінәсін мойындады.
Сондай-ақ қаладағы басқа да қылмыстарға қатысты бар екенін айтқан.
Айта кетері, күдікті бұған дейін де осындай қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.