https://sputnik.kz/20220415/almaty-kolik-nomiri-video-24221183.html
Алматыда көліктің нөмірін ұрлап, ол үшін ақша талап еткен жігіт ұсталды – видео
Алматыда көліктің нөмірін ұрлап, ол үшін ақша талап еткен жігіт ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
Оның мұндай жеті ұрлыққа қатысы бары анықталды. Күдікті кінәсін мойындады 15.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-15T09:58+0500
2022-04-15T09:58+0500
2022-04-15T09:58+0500
алматы
мемлекеттік нөмірлер
https://sputnik.kz/img/old/1046/27/10462797_8:0:1373:768_1920x0_80_0_0_c83daa0b20cda2fbff23e9ba844168f1.jpg
АЛМАТЫ, 15 сәуір — Sputnik. Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап, ол үшін құн сұраған күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 26 жастағы азамат бір апта бұрын Алматыға келген. Еш жерде жұмыс істемейтін жігіттің Қарағанды облысынан келгені анықталды. "Ол қылмыстық жолмен күн көрмек болған. Тұрғын үйлердің ауласында тұрған көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп, нөмір иесіне көліктің алдыңғы әйнегіне 10 мың теңгеге сататынын жазып, хат қалдырған", - деді Әуезов ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев. Оның мұндай жеті ұрлыққа қатысы бары анықталды. Күдікті кінәсін мойындады. Сондай-ақ қаладағы басқа да қылмыстарға қатысты бар екенін айтқан. Айта кетері, күдікті бұған дейін де осындай қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1046/27/10462797_178:0:1202:768_1920x0_80_0_0_9ec894479e8023b6818277d11ef7b71f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, мемлекеттік нөмірлер
алматы, мемлекеттік нөмірлер
Алматыда көліктің нөмірін ұрлап, ол үшін ақша талап еткен жігіт ұсталды – видео
Оның мұндай жеті ұрлыққа қатысы бары анықталды. Күдікті кінәсін мойындады
АЛМАТЫ, 15 сәуір — Sputnik. Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап, ол үшін құн сұраған күдікті ұсталды, деп хабарлады
Polisia.kz.
26 жастағы азамат бір апта бұрын Алматыға келген. Еш жерде жұмыс істемейтін жігіттің Қарағанды облысынан келгені анықталды.
"Ол қылмыстық жолмен күн көрмек болған. Тұрғын үйлердің ауласында тұрған көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп, нөмір иесіне көліктің алдыңғы әйнегіне 10 мың теңгеге сататынын жазып, хат қалдырған", - деді Әуезов ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.
Оның мұндай жеті ұрлыққа қатысы бары анықталды. Күдікті кінәсін мойындады.
Сондай-ақ қаладағы басқа да қылмыстарға қатысты бар екенін айтқан.
Айта кетері, күдікті бұған дейін де осындай қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.