НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы жолаушылар Қазақстанда электронды құжатпен саяхаттай алатынын хабарлады.
"2022 жылдың 14 сәуірінен бастап әуе компаниясы Қазақстандағы барлық әуежайдың тіркеу және отырғызу пункттерінде E-gov mobile, kaspi.kz, homebank.kz қосымшалары арқылы рейстерге жолаушыларды қабылдау мүмкіндігіне ие болды", - делінген хабарламада.
Жолаушылар бұрынғыдай жеке куәлік пен туу туралы куәліктің түпнұсқасын көрсете алады.
"Бұл электронды құжаттарды пайдалану бойынша авиация тарихындағы бірегей тәжірибе. Мұндай цифрландыру тәжірибесі жолаушылардың саяхатын оңтайландыруға қадам жасайды, жоба дами келе әуежайлардағы рәсімділік оңай әрі ыңғайлырақ болады", - деді жерде қызмет көрсетуді дамыту жөніндегі менеджер Данияр Құрманалин.
2021 жылдың 5 сәуірінде Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында цифрлық құжаттар сервисі бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл қызметті Қазақстанда тәулігіне 20-ға дейін жолаушы пайдаланғаны хабарланды.