https://sputnik.kz/20220415/air-astana-elektrondy-quzhat-sayakhat-24233373.html
Air Astana жолаушылары Қазақстанда электронды құжатпен саяхаттай алады
Air Astana жолаушылары Қазақстанда электронды құжатпен саяхаттай алады
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында пилоттық жоба іске қосылған болатын 15.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-15T19:10+0500
2022-04-15T19:10+0500
2022-04-15T19:10+0500
электронды паспорт
жолаушылар
құжат
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23014181_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_11d6a8b02b100b91b5e1195a416b4568.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы жолаушылар Қазақстанда электронды құжатпен саяхаттай алатынын хабарлады.Жолаушылар бұрынғыдай жеке куәлік пен туу туралы куәліктің түпнұсқасын көрсете алады."Бұл электронды құжаттарды пайдалану бойынша авиация тарихындағы бірегей тәжірибе. Мұндай цифрландыру тәжірибесі жолаушылардың саяхатын оңтайландыруға қадам жасайды, жоба дами келе әуежайлардағы рәсімділік оңай әрі ыңғайлырақ болады", - деді жерде қызмет көрсетуді дамыту жөніндегі менеджер Данияр Құрманалин.2021 жылдың 5 сәуірінде Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында цифрлық құжаттар сервисі бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл қызметті Қазақстанда тәулігіне 20-ға дейін жолаушы пайдаланғаны хабарланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23014181_318:0:1758:1080_1920x0_80_0_0_9f0321f38962a59b0a17c2bed60a6b4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электронды паспорт, жолаушылар, құжат
электронды паспорт, жолаушылар, құжат
Air Astana жолаушылары Қазақстанда электронды құжатпен саяхаттай алады
Бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында пилоттық жоба іске қосылған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы жолаушылар Қазақстанда электронды құжатпен саяхаттай алатынын хабарлады.
"2022 жылдың 14 сәуірінен бастап әуе компаниясы Қазақстандағы барлық әуежайдың тіркеу және отырғызу пункттерінде E-gov mobile, kaspi.kz, homebank.kz қосымшалары арқылы рейстерге жолаушыларды қабылдау мүмкіндігіне ие болды", - делінген хабарламада.
Жолаушылар бұрынғыдай жеке куәлік пен туу туралы куәліктің түпнұсқасын көрсете алады.
"Бұл электронды құжаттарды пайдалану бойынша авиация тарихындағы бірегей тәжірибе. Мұндай цифрландыру тәжірибесі жолаушылардың саяхатын оңтайландыруға қадам жасайды, жоба дами келе әуежайлардағы рәсімділік оңай әрі ыңғайлырақ болады", - деді жерде қызмет көрсетуді дамыту жөніндегі менеджер Данияр Құрманалин.
2021 жылдың 5 сәуірінде Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында цифрлық құжаттар сервисі бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл қызметті Қазақстанда тәулігіне 20-ға дейін жолаушы пайдаланғаны хабарланды.