Михаил Евдокимов: ЕАЭО-да есеп айырысудың 70%-тен астамы ұлттық валюталарда жүргізіледі

Батыс елдері ТМД аясындағы интеграциялық процестердді бұзуға тырысып жатыр, сондықтан қауымдастық елдері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты механизмдерді бейімдеуі керек
Sputnik
Ресей СІМ тұңғыш ТМД елдері департаментінің директоры Михаил Евдокимов РИА Новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында қауымдастық жұмыстарына, батыс санкцияларының әсерін бәсеңдету үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдері қабыдап жатқан шараларға Украинаны қайта тарту келешегі туралы айтты.
- ТМД құрылымдарына Украинаның қазіргі қатысу форматы мен келешегін қалай сипаттар едіңіз?
Украина ТМД-ға мүше мемлекет ретінде қалып отыр,и оның Қауымдастық аясында жұмыстарына ешқандай кедергі жоқ. Алайда 2014 жылдан бастап Киев ұйымдағы өз жұмысын тоқтатуға бет алды – Қауымдастықтың жоғарғы жарғылық органдарының отырысына қатыспайды, ТМД атқарушы комитетіндегі квоталық қызметтерден өз өкілдерін кері қайтарды, Минсктегі ТМД жанындағы миссияны жапты. Украинаның мүддесін таныстырмайтын көпжақты келісімдер күшін жойып жатыр. Қазір Украинаның ТМД істеріне қатысу келешегі туралы айту әлі ерте. Бұл Киев билігінің саяси ұстанымына байланысты анықталады.
- Биыл ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қашан өтеді, күн тәртібіне қандай мәселелер енгізіледі? Украинадағы жағдайды талқылау жоспарда бар ма?
Дәстүр бойынша ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырыстары жылына екі рет өтеді. Алдағы кездесу шамамен 13 мамырда Душанбеде, 13 қазанда Нұр-Сұлтанда өтеуі керек. Қаралатын мәселелер өте көп. Министрлер Қауымдастық аясындағы өзара іс-қимылды кең аясы ойынша пікір алмасып, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылайды. Оның ішінде Украина мәселесі де бар.
Экономика
ЕАЭО елдері өзара есеп айырысуда доллардан бас тартуға тырысып жатыр – Ресей СІМ
Сонымен қатар 2021 жылы жүзеге асырылған екі маңызды құжат – ТМД аясындағы сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар жоспары мен Қауымдастық елдерінің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы серіктестікті күшейту бойынша іс-қимыл бағдарламасының қорытындысын шығару жоспарда бар. Мәдени-гуманитарлық бағытта интеграциялық байланысты нығайту мақсатында "ТМД-ның жастар астанасы" халықаралық жобасын іске қосу уралы шешім қабылданады. Сондай-ақ ғылым саласы мен туризмді дамыту бойынша бірқатаршешім қаабылдау көзделіп отыр.
- ЕАЭО желісі бойынша антиресейлік санкциялар сезіле ме? Осыған байланысты Одақтың одан әрі дамуына қандай да бір қауіп төніп отыр ма? Әлде, керісінше, санкциялық қысым серіктестерді экономикалық ынтымақтастықты арттыруға ынталандыра түсе ме?
Одақ құрылған уақыттан бері біздің еелдеріміз арасындағы ынтымақтастық әлем экономикасындағы дағдарыстардан сүрінбей өтуге себепші болды. Соның бір мысалы ретінде коронавирус пандемиясы кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сәтті үйлесімді жұмысын айтуға болады. Оның үстіне, Ресейге санкция салынып келе жатқалы біраз жыл өтті. Сондықтан Ресей бұл шектеулерге бейімделіп үлгерді.
Әйтсе де, соңғы айларда Ресей мен Беларуське қарсы енгізілген біржақты заңсыз санкциялар ЕАЭО елдеріне әсер етпей қоймады. Өйткені бұл мемлекеттер бірыңғай нарық аясында экономикаларының өзара байланысы арқылы әрекет етуге дағдыланған. Қазір "бестік" батыс санкцияларының әсерін бәсеңдету, ЕАЭО нарығын қажетті өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларымен қамтамасыз ету болып отыр.
Қазір өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік салалардағы бірлескен жобалардың маңызы артты. Мұны Одақ бойынша серіктестерімізден де естіп отырмыз. 17 наурызда бекітілген Одаққа мүше мемлекеттердің экономикасының төзімділігін арттыру және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар тізімін жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жалғасып жатырү
Өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды кеңінен қолдану және долларды пайдалануды бәсеңдету мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлініп жатыр. Оның үстіне, Батыс ресейлік қаржы-банк жүйесіне қатысты бұрын-соңды болмаған шектеу шараларын енгізгенге дейін-ақ ЕАЭО елдерінің өзара есеп айырысуында ұлттық валюталардың үлесі 70%-тен асқан. Ал ресейлік энергия тасымалдағыштардың жеткізулерін арттыру мәселесіне біздің серіктестеріміз қызығушылық танытса, біз оны талқылауға дайынбыз.
- Басқа мемлекеттер ЕАЭО құрамына кіруге немесе бақылаушы мәртебесін алуға ұсыныс білдірді ме? Осы бағытта посткеңестік кеңістікте, Азияда, Африка құрлығында жұмыс жүргізіліп жатыр ма?
ЕАЭО үшін тұрақты кеңею ешқашан негізгі мақсат болған емес. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикалық интеграцияны тереңдетуден алатын белгілі бір практикалық жетістікке көп мән береді. Бұл өзара сауданы өсіру, оның құрылымын жақсарту, капитал ауысымы жолындағы кедергілерді жою, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты жалпы кеңейту болады. Одақпен өзара әрекеттестік деңгейін арттыруға соңғы жылдары тек ТМД бойынша одақтастар ғана емес, алыс шет мемлекеттер де қызығушылық танытты.
Экономика
Тоқаев ЕАЭО-ға қатысты құжатқа қол қойды
Осыған байланысты ЕАЭО-да одақтың жоғары органы – Еуразиялық экономикалық комиссиямен жалпынемесе кешенді өзара әрекеттестікті қарастыратын диалогтық кеңестікті белсенді пайдаланады. Бұл ЕЭК мен үшшінші тарап арасындағы өзара түсіністік/ынтымақтастық туралы меморандум/декларациямен бекітілуі мүмкін. Бұл формат заңды міндеттемелерді қабылдауды қарастырмайды, ол ынтымақтастықтың азігі ахуалын талқылау мен оны дамыту келешегіне арналған алаң құруды көөздейді.
Диалог форматы шетелдік серіктестерге ЕАЭО құрылымы мен қызмет ету механизмін меңгеруге, Одақта шешім қабылдау рәсімін түсінуге, сондай-ақ ЕЭК құзыретіне жататын басқа да реттеу аспектілері бойынша тікелей байланысты реттеуге көмектеседі.
Комиссия желісі бойынша АСЕАН, Африка одағы, Камбоджа, Қытай, Моңғолия, Марокко, Корея Республикасы, Сингапур, Таиланд сынды Африка мен Азия елдері және өңірлік бірлестіктер бар осы тектес 70-тен астам меморандумға қол қойылып, жүзеге асырылып жатыр. 22018 жылдан бері сыртқы экономикалық байланысты нығайту бойынша тиімді құрал ретінде ЕАЭО жанындағы бақылаушылар институты іске қосылды.
Одақты құру кезінде бақылаушы мәртебесі әлдеқайда тығыз өзара әрекеттестікке дайындық кезеңі ретінде қарастырылды. Мұнда әлеуетті канддидаттар Одақ ішінде жұмысты тереңірек меңгере бастайды. Осы бағытта алғашқы жетістік бар, ТМД-дағы екі мемлекет осы мәртебеге ие болды: 2018 жылдың 14 мамырынан бастап Молдавия және 2020 жылдың 11 қарашасынан бастап Өзбекстан. 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Куба Республикасы Одақ жанындағы үшінші бақылаушы болды.
- Осы жылы ТМД елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толады. Достастық аясында жолға қойылған ынтымақтастық бойынша мерейтойлы датаға ққандай нәтижемен жетіп отырмыз?
Өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басы шын мәнінде сыртқы саяси маңызды оқиғаларға толы болды. Бұл Ресей мен ТМД елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығы ғана емес, сонымен бірге 2021 жылдың желтоқсанында атап өткен Достастықтың мерейтойы.
ТМД-ның қалыптасуы мен дамуы біздің ортақ тарихымыздың аса күрделі кезеңіне тап келді. Сол кезде КСРО ыдырауының салдарын бәсеңдету, бұрынғы кеңестік республикалардың көп қырлы байланысы үзілуіне жол бермеу, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тең құқылы серіктестігінің оңтайлы үлгісін табу маңызды болды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға ТМД-ның құрылуы үлкен ықпал етті.
Осы 30 жыл ішінде Достастық үлкен жолды жүріп өтті, ол саяси диалогқа арналған сұранысқа жоғары алаңына айналып қана қоймай, өзінің практикалық қызметінің ауқымын кеңейтті. Достастық аясында мемлекеттер барлық сала бойынша тығыз қарым-қатынас орнатқан. Парламенттік желі бойынша тығыз байланыстар сақталған. 630-дан астам халықаралық шарт қабылданып, оның 568-і өз күшінде.
Өзара іс-қимыл бағыттарының әртүрлілігі мен қатысушылар саны бойынша қазіргі уақытта Еуразиялық аймақта Достастыққа нақты балама жоқ деп сенімді айтуға болады. Оның үстіне посткеңестік кеңістікте жаңа, анағұрлым жетілдірілген интеграциялық бірлестіктердің, атап айтқанда, ҰҚШҰ, ЕАЭО, Ресей мен Беларусь одақтас мемлекетінің пайда болуына ТМД негіз болды.
Ресей ЕАЭО елдеріне дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салды
2011 жылы қабылданған Еркін сауда аймағы туралы келесімшарт сауда-экономикалық тректегі стартегиялық құжат болып отыр. Еркін қызмет көрсету саудасы туралы келісім жобасы бойынша келіссөз соңғы сатыда тұр. Коронавирус пандемиясы кезінде ТМД елдерінің өзара әрекеттестігі үйлескен жұмыс жүргізудің үлгісіне айналды. Жалпы ТМД елдері пандемия басталғанға дейін денсаулық сақтау саласында өзара байланысты арттыратын келісімшарт базасын әзірлеген.
ТМД-да сыртқы саяси үйлесімді нығайту ресейлік басымдықтардың бірі болып отыр. Жыл сайын Достастық аясында халықаралық өзекті мәселелер бойынша бірлескен құжаттар қабылданады. Қазіргі күрделі геосаяси және экономикалық жағдайда Достастық бұрынғы кеңестік республикалар арасындағы негізгі диалог алаңы, анағұрлым озық интеграциялық бірлестіктерді дамыту алаңы болып қала беруі бірлескен дамудың мұндай үлгісі шынымен сәтті болғанын аңғартады.
Қазіргі жағдайда ТМД аясында қалыптасқан қауіпсіздік пен сыртқы шекараларды қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық тетіктерінің маңызы ерекше. Ынтымақтастықтың бұл бағыты күн санап артып жатыр. Сол сияқты әскери саладағы өзара әрекеттестік механизмдерін дамыту жалғасып жатыр.
Бұл орайда ТМД елдерінің қорғаныс ведомстволары бірлескен оқу-жаттығу, жиын мен командалық-штабтық жаттығулар өткізіп жатыр. Көші-қон мәселесі де ТМД-да басымды даму бағыттарының бірі. Себебі бұл гуманитарлық салаға қатысы бар мәселе әрі азаматтардың мүдделеріне тікелей қатысты тақырып болып отыр. Өйткені елдерімізді Достастық аясында біріктіруде халықтарымыздың рухани-тарихи ортақтастығын, экономикалық және әлеуметтік үдерісті қамтамасыз етуге ұмтылыс болды.