https://sputnik.kz/20220311/resey-eaeo-dandi-daqyldar-23443184.html
Ресей ЕАЭО елдеріне дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салды
Ресей ЕАЭО елдеріне дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Ресей үкіметінің кедендік комиссиясы ЕАЭО елдеріне астықты экспорттауға уақытша тыйым салуды мақұлдады, деп хабарлады осы... 11.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-11T11:09+0500
2022-03-11T11:09+0500
2023-08-10T12:23+0500
ресей
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15020607_0:81:3073:1809_1920x0_80_0_0_86d7d55a7dffc4b25b99c8cc4e2ff19f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Ресей үкіметінің кедендік комиссиясы ЕАЭО елдеріне астықты экспорттауға уақытша тыйым салуды мақұлдады, деп хабарлады осы елдің экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметі.Бұл ұсыныс РФ ауыл шаруашылығы министрлігінен түскен, комиссия шешімін бірінші вице-премьер Андрей Белоусов мақұлдады, деп хабарлады РИА Новости.Ведомство атап өткендей, ЕАЭО аумағынан тыс астықты экспорттау ішкі бағаны тұрақтандыру үшін белгіленген тарифтік квоталар мен экспорттық баж салығымен шектелген.Ресей ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазір Ресейді астықпен қамтамасыз ету 150 проценттен асып тұр. Уақытша тыйым салу "ЕАЭО елдері биылғы маусымда баж салығы жоқ режимде өздеріне қажетті астықты сатып алғанын ескере отырып", ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа бағытта экспортталуының алдын алуға мүмкіндік береді.Біраз бұрын РФ үкіметі елден шығаруға уақытша тыйым салынатын тауарлар мен жабдықтардың тізімін белгіледі. Шешім 2022 жылдың соңына дейін күшінде болады, деді Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметі."Тізімге технологиялық, телекоммуникациялық, медициналық жабдықтар, көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникалары, электр аппаратурасы – барлығы 200-ден астам тауар кіреді. Оның ішінде теміржол вагондары мен локомотивтер, контейнерлер, турбиналар, металл және тас өңдеу білдектері, мониторлар, проекторлар, пульттер мен панельдер бар. Бұл шара Ресей нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет", - деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.Бұл тауарлардың экспорты Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерді, Абхазия мен Оңтүстік Осетияны қоспағанда, барлық шет мемлекеттер үшін уақытша шектелген. Осы елдерге қатысты үкіметтің жеке қаулысымен бекітілген экспортқа рұқсат беру тәртібі қолданылады. ЕАЭО елдеріне, Абхазия мен Оңтүстік Осетияға тауарларды Ресей аумағынан шығаруға рұқсатты Ресейдің ауыл шаруашылығы министрлігі, көлік министрлігі, өнеркәсіп және сауда министрлігі, цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігі және табиғи ресурстар және экология министрлігі береді.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15020607_72:0:2803:2048_1920x0_80_0_0_87322830a5444551ae6e7268ffbc7426.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, еаэо
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Ресей үкіметінің кедендік комиссиясы ЕАЭО елдеріне астықты экспорттауға уақытша тыйым салуды мақұлдады, деп хабарлады осы елдің экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бұл уақытша шектеу және ол 2022 жылдың 31 тамызына дейін бидай мен меслин, қара бидай, арпа және жүгеріге қатысты қолданылады. Оның Ресей өнеркәсіп және сауда министрлігі берген экспорт лицензиясы бойынша жеткізулерге қатысы жоқ", - деп түсіндірді ведомство.
Бұл ұсыныс РФ ауыл шаруашылығы министрлігінен түскен, комиссия шешімін бірінші вице-премьер Андрей Белоусов мақұлдады, деп хабарлады
РИА Новости.
Ведомство атап өткендей, ЕАЭО аумағынан тыс астықты экспорттау ішкі бағаны тұрақтандыру үшін белгіленген тарифтік квоталар мен экспорттық баж салығымен шектелген.
Ресей ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазір Ресейді астықпен қамтамасыз ету 150 проценттен асып тұр. Уақытша тыйым салу "ЕАЭО елдері биылғы маусымда баж салығы жоқ режимде өздеріне қажетті астықты сатып алғанын ескере отырып", ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа бағытта экспортталуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Біраз бұрын РФ үкіметі елден шығаруға уақытша тыйым салынатын тауарлар мен жабдықтардың тізімін белгіледі. Шешім 2022 жылдың соңына дейін күшінде болады, деді Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
"Тізімге технологиялық, телекоммуникациялық, медициналық жабдықтар, көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникалары, электр аппаратурасы – барлығы 200-ден астам тауар кіреді. Оның ішінде теміржол вагондары мен локомотивтер, контейнерлер, турбиналар, металл және тас өңдеу білдектері, мониторлар, проекторлар, пульттер мен панельдер бар. Бұл шара Ресей нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет", - деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл тауарлардың экспорты Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерді, Абхазия мен Оңтүстік Осетияны қоспағанда, барлық шет мемлекеттер үшін уақытша шектелген. Осы елдерге қатысты үкіметтің жеке қаулысымен бекітілген экспортқа рұқсат беру тәртібі қолданылады. ЕАЭО елдеріне, Абхазия мен Оңтүстік Осетияға тауарларды Ресей аумағынан шығаруға рұқсатты Ресейдің ауыл шаруашылығы министрлігі, көлік министрлігі, өнеркәсіп және сауда министрлігі, цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігі және табиғи ресурстар және экология министрлігі береді.