НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Қазақстан дүкендерінде сатылатын Ресей Федерациясынан жеткізілген "Мұсылман" жартылай ысталған шұжықтары мен сиыр еті консервісінде шошқа ДНҚ-сы анықталды, деп хабарлады республиканың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы.
Наурызда халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын алған.
Тексеру барысындда сиыр еті консервісінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасы көрсетілген сипаттамаларына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Оларды атап айтсақ, мыналар: "Мұсыман" жартылай ысталған шұжық (өндіруші ИП Павлов А.С., Ресей, Башқұртстан Республикасы); "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек ет консервісі (дайындаушы "Стандарт" Қорған ет комбинаты" ЖШС, Ресей, Қорған қаласы); "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек ет консервісі (дайындаушы "Орелпродукт" АҚ, Ресей, Орлов облысы).
Сонымен қатар "Түскі асқа арналған шошқа еті" консервісінде тауық ДНҚ-сы анықталды (дайындаушы "Селятино" ет өңдеу комбинаты, Ресей, Мәскеу облысы).
Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты осы аталған азық-түлік көрсетілген сипаттамасына сәйкес келмейтін өнімдер тізіміне енгізілді.
Ұлттық сараптама орталығы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалауда көп қателік жібереді және өнім этикеткада көрсетілген сипаттамалларға сәйкес келмейді.