https://sputnik.kz/20220414/khalal-onimderden-shoshqa-eti-anyqtaldy-24196111.html
Халал өнімдерден шошқа еті анықталды
Халал өнімдерден шошқа еті анықталды
Sputnik Қазақстан
Бұл өнімдер Ресей Федерациясының түрлі кәсіпорындарында дайындалған 14.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-14T11:00+0500
2022-04-14T11:00+0500
2022-04-14T11:00+0500
шұжық
https://sputnik.kz/img/804/47/8044730_0:95:1920:1175_1920x0_80_0_0_66bd661b2660be768fa7340a237700b7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Қазақстан дүкендерінде сатылатын Ресей Федерациясынан жеткізілген "Мұсылман" жартылай ысталған шұжықтары мен сиыр еті консервісінде шошқа ДНҚ-сы анықталды, деп хабарлады республиканың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы.Наурызда халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын алған.Тексеру барысындда сиыр еті консервісінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасы көрсетілген сипаттамаларына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Оларды атап айтсақ, мыналар: "Мұсыман" жартылай ысталған шұжық (өндіруші ИП Павлов А.С., Ресей, Башқұртстан Республикасы); "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек ет консервісі (дайындаушы "Стандарт" Қорған ет комбинаты" ЖШС, Ресей, Қорған қаласы); "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек ет консервісі (дайындаушы "Орелпродукт" АҚ, Ресей, Орлов облысы).Сонымен қатар "Түскі асқа арналған шошқа еті" консервісінде тауық ДНҚ-сы анықталды (дайындаушы "Селятино" ет өңдеу комбинаты, Ресей, Мәскеу облысы).Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты осы аталған азық-түлік көрсетілген сипаттамасына сәйкес келмейтін өнімдер тізіміне енгізілді.Ұлттық сараптама орталығы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалауда көп қателік жібереді және өнім этикеткада көрсетілген сипаттамалларға сәйкес келмейді.
https://sputnik.kz/20211004/QazVac-vaktsina-khalal-18308064.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/804/47/8044730_114:0:1806:1269_1920x0_80_0_0_04fe4c07e3cd7624aea9b5c40a37b032.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шұжық
Халал өнімдерден шошқа еті анықталды
Бұл өнімдер Ресей Федерациясының түрлі кәсіпорындарында дайындалған
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Қазақстан дүкендерінде сатылатын Ресей Федерациясынан жеткізілген "Мұсылман" жартылай ысталған шұжықтары мен сиыр еті консервісінде шошқа ДНҚ-сы анықталды, деп хабарлады республиканың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы.
Наурызда халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын алған.
Тексеру барысындда сиыр еті консервісінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасы көрсетілген сипаттамаларына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Оларды атап айтсақ, мыналар: "Мұсыман" жартылай ысталған шұжық (өндіруші ИП Павлов А.С., Ресей, Башқұртстан Республикасы); "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек ет консервісі (дайындаушы "Стандарт" Қорған ет комбинаты" ЖШС, Ресей, Қорған қаласы); "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек ет консервісі (дайындаушы "Орелпродукт" АҚ, Ресей, Орлов облысы).
Сонымен қатар "Түскі асқа арналған шошқа еті" консервісінде тауық ДНҚ-сы анықталды (дайындаушы "Селятино" ет өңдеу комбинаты, Ресей, Мәскеу облысы).
Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты осы аталған азық-түлік көрсетілген сипаттамасына сәйкес келмейтін өнімдер тізіміне енгізілді.
Ұлттық сараптама орталығы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалауда көп қателік жібереді және өнім этикеткада көрсетілген сипаттамалларға сәйкес келмейді.