АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматы тауларында құтқарушылар екінші зардап шегушіні қар астынан шығарды. Sputnik Қазақстан тілшісіне төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам тіршілік белгілерінсіз табылған.
Басқа деректерге қарағанда, қар көшкіні астында қалған екінші турист ауыр халде табылған.
Еске сала кетейік, қар көшкіні сәрсенбі күні сағат 13.28-де Іле Алатауы тауларындағы Молодежный шыңы аймағына жүрді. Қар астында екі адамның қалғаны хабарланды. Екі сағаттан кейін бірінші зардап шегуші табылды – ол тірі, иығы мен жамбасынан жарақат алған.
Құтқарушылар кейінірек хабарлағандай, Францияның алты азаматы шаңғы тебу кезінде қардың көшуіне себепші болған. Төртеуі зардап шеккен жоқ, екеуі қар көшкіні астында қалды.
Бір күн бұрын құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейетінін ескерткен болатын.
Өткен айда "Шымбұлақ" курортында қар көшкіні кезінде шаңғышы қаза болды.