https://sputnik.kz/20220413/qar-koshkini-turist-24185639.html
Қар көшкіні астында қалған екінші турист қимылсыз жатқан жерінен табылды
Қар көшкіні астында қалған екінші турист қимылсыз жатқан жерінен табылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматы тауларында құтқарушылар екінші зардап шегушіні қар астынан шығарды. Sputnik Қазақстан тілшісіне төтенше жағдайлар... 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T17:20+0500
2022-04-13T17:20+0500
2023-08-09T12:39+0500
туристер
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0d/24186048_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a21c0a2be6a7ee71a15967997b4ae5d4.jpg
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматы тауларында құтқарушылар екінші зардап шегушіні қар астынан шығарды. Sputnik Қазақстан тілшісіне төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам тіршілік белгілерінсіз табылған.Басқа деректерге қарағанда, қар көшкіні астында қалған екінші турист ауыр халде табылған.Еске сала кетейік, қар көшкіні сәрсенбі күні сағат 13.28-де Іле Алатауы тауларындағы Молодежный шыңы аймағына жүрді. Қар астында екі адамның қалғаны хабарланды. Екі сағаттан кейін бірінші зардап шегуші табылды – ол тірі, иығы мен жамбасынан жарақат алған.Құтқарушылар кейінірек хабарлағандай, Францияның алты азаматы шаңғы тебу кезінде қардың көшуіне себепші болған. Төртеуі зардап шеккен жоқ, екеуі қар көшкіні астында қалды.Бір күн бұрын құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейетінін ескерткен болатын.Өткен айда "Шымбұлақ" курортында қар көшкіні кезінде шаңғышы қаза болды.
https://sputnik.kz/20220413/almaty-taulary-qar-koshkini-turist-24181336.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0d/24186048_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_be15b5aca32b27b08b68504022a1e949.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер
Қар көшкіні астында қалған екінші турист қимылсыз жатқан жерінен табылды
17:20 13.04.2022 (жаңартылды: 12:39 09.08.2023) АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматы тауларында құтқарушылар екінші зардап шегушіні қар астынан шығарды.
Sputnik Қазақстан тілшісіне төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам тіршілік белгілерінсіз табылған.
Басқа деректерге қарағанда, қар көшкіні астында қалған екінші турист ауыр халде табылған.
Еске сала кетейік, қар көшкіні сәрсенбі күні сағат 13.28-де Іле Алатауы тауларындағы Молодежный шыңы аймағына жүрді. Қар астында екі адамның қалғаны хабарланды. Екі сағаттан кейін бірінші зардап шегуші табылды – ол тірі, иығы мен жамбасынан жарақат алған.
Құтқарушылар кейінірек хабарлағандай, Францияның алты азаматы шаңғы тебу кезінде қардың көшуіне себепші болған. Төртеуі зардап шеккен жоқ, екеуі қар көшкіні астында қалды.
Бір күн бұрын құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейетінін ескерткен болатын.
Өткен айда "Шымбұлақ" курортында қар көшкіні кезінде шаңғышы қаза болды.