Ленд-лиз бағдарламасы: бұл АҚШ-тың Еуропадағы саясатының құлдырауы ма

Sputnik
Американың Украинаға әскери көмек көрсету туралы бағдарламасы, еуропалық әскери техника жеткізілімдері украиндердің майдан даласындағы шығынын арттырып, Киев режимінің жанталасын үдете түседі, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
10 сәуірде Днепроптервосктің оңтүстік шет аймағында "Калибр" теңізге арналған дәлдігі жоғары зымырандарымен Еуропа елдерінің бірі Киев режиміне жеткізген С-300 зениттік зымыран дивизионының қоймаға жасырылған техникасы жойылды.
РФ қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, С-300 төрт іске қосы қондырғысы мен Украина Қарулы күштерінің жеке құрамындағы 25-ке жуық адамға зақым келтірілді. Сонымен қатар, Харьков облысындағы Украина Қарулы күштерінің аэродромында С-300 іске қосу қондырғылары жойылды.
Екі күн бұрын Словакия Украина Қарулы күштеріне С-300ПМУ зениттік зымыран кешенінің батареяларын жеткізетінін мәлімдеді. Алайда словак С-300 техникасы шығыс майдан шебіндегі межелі орынға жетпей-ақ күл-талқан болды. Сондықтан бұл әскери көмектің ешқандай мәні жоқ екені аңғарылады. Батыстағы серіктестер жолдаған басқа қару-жарақ та дәл осындай күй кешуі ықтимал.
Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррельдің Еуроодақ елдеріне Киев режимі сұратқан қару-жарақты ұсыну туралы үндеуі Еуроодақтың НАТО-ның құрылымдық бөлімшесіне айналғанын көрсетіп тұр. Ал Жозеп Боррель бұған дейін де Батыстың Ресейден басым түсіп, "бұл соғыста жеңіс қажет" екенін бірнеше рет айтқан.
6 сәуірде АҚШ сенаты Украинаға қару-жарақ пен әскери техника жеткізу туралы заң жобасын мақұлдады. Алайда бұл құжат 19 қаңтарда сенатқа ұсынылғанмен, ол әлдеқайда бұрын әзірленген. Украинаға арналған жаңа ленд-лиз америкалықтардың НАТО-дағы шығысеуропалық елдерде Украина Қарулы күштеріне арналған әскери техниканы арттыруды, содан кейін бұл техниканы шекара арқылы өткізіп, украин аумағындағы әскери іс-қимылды мейлінше ұзаққа созуды көздейді.
Саясат
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Джо Байденмен кездесті
"Еуропада АҚШ мүддесін қорғап, Ресейге қарсы шығу арқылы кез келген мемлекет өзін қиын жағдайда душар етіп отыр. Егер НАТО термоядролық державаны соғысқа ашық шақыра алмаса, онда Украина арқылы Ресейді жеңуге деген үміттің өзі артық. Әскери қақтығыстың ұзақтығы мен онда қолданылатын қарапайым қару-жарақты есепке алғанда, бұл жағдайда америкалық әскери-өнеркәсіптік кешен олжалы болады", - ддеп жазды Хроленко.
Оның пікірінше, Украинада әскери арнайы операция басталған уақыттан бері Lockheed Martin акциялары 18%-ке, Raytheon Technologies Corporation – 14%-ке, General Dynamics – на 12,5%-ке өскен. Сондықтан УУкраинаға қару-жарақ жеткізу америкалық компанияларға табыс әкеліп отыр деп пайымдауға дәлелді негіз бар.
Дегенммен, Украинаны әскери техникамен қамтамасыз етуді қарастыратын құжат АҚШ-тың әскери қақтығысты қалайтынын аңғартып, бұл оның әлем елдері алдындағы беделін түсіріп отыр. Сонымен қатар бұл жағдай ғаламшарда көпполярлы әлем құруды үдете түседі. Себебі ешбір мемлекет Югославия, Ирак, Ауғанстан, Ливияның тағдырын қайталағысы келмейді.
Армиясы америкалық әскери техниканы меңгеруі үшін уақыт қажет болады. Ал Украинада артық уақыт жоқ. Сондықтан АҚШ Украина Қарулы күштеріне Шығыс Еуропа елдеріндегі кеңестік танктер, артиллерия мен авиацияны жолдауды ұсынып отыр. Ал Украина жүздеген заманауи ұшақ, танк пен өздігінен жүретін гаубицаны талап еткен болатын.
Австралия 20 дана "Бушмастер" броньді тасымалдағыш, Польша мен Кипр Т-72М танкі мен МиГ-29 ұшағын, "Бук" және "Тор" зениттік зымыран кешенін жолдайтын болды. Ал Словакия Украинаға қолданылған Zuzana артиллериялықжабдығын сатуға келісті. Ұлыбритания 500 миллион доллар кредит және әскери техникамен көмектесетінін мәлімдеді. Бұл туралы премьер-министр Борис Джонсон бірнеше рет айтты. Алайда Ұлыбритания Украинаға әскер көмекті әзірше тек сөз жүзінде орындап отыр. Ал Rheinmetall неміс концерні үкімет мақұлдаса, маусымда қызмет ету мерзімі аяқталған 50 дана Leopard танкі мен 60 дана Marder жаяу әскер машинасын жеткізуге дайын.
"Серіктестер" барынша қолдау көрсетуге тырысқанмен, ескі әскери техника Украина Қарулы күштерінің соғысу қабілетін арттыра алмайды. Керісінше, бұл мерт болған украин сарбаздарының санын арттыра түседі. Ресейлік әскердің авиасоққылары батыс және "кеңестік" техниканың Украинадағы межелі нүктеге жетуіне жол бермейді. Арнайы әскери операция кезінде Ресей Қарулы күштері 2 050-ден астам украин танкі мен броньдалған машинасының көзін жойды", - деп жазды әскери сарапшы.
Хроленконың пайымдауынша, АҚШ пен НАТО технологиялық тұрғыда дайын емес соғыста Украинаны жеңіске жетуге мәжбүрлеп жатыр. Батыстан жеткізілетін тозығы жеткен әскери техника мен америкалық ленд-лиз майдан шебіндегі үстемдікті емес, Донбаста Украина Қарулы күштерінің жеңілісін кепілдендіреді.