Қоғам

Жамбыл облысының тұрғындары Бердібек Сапарбаевты әуежайдан шығарып салды – видео

Сапарбаев 7 сәуірде Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысының тұрғындары бұрынғы әкім Бердібек Сапарбаевты шығарып салу үшін әуежайға жиналды.
Қоштасу сәтінің видеосын әкімдіктің баспасөз қызметі жариялады. Сапарбаевты шығарып салуға тұрғындар әуежайға келген. Сапарбаев өз атынан және отбасынан өңір халқына алғысын жеткізді.
"Соңғы қызметімді қасиетті жерде атқарғаныма ризамын. Мені қолдаған баршаңызға рахмет", - деді ол.
Бердібек Сапарбаев 2020 жылдың ақпанынан Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. Биыл 7 сәуірде ол мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылды. Енді өңірге оның орынбасары болған Нұржан Нұржігітов жетекшілік етеді.
Саясат
Жамбыл облысының әкімі ауысты