Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты

Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Комитеттің хабарлауынша, Толыбаева 2021 жылдың желтоқсанында ҚАЖ мекемесінен шығарылды.
Бұған дейін Жанар Толыбаева Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында 2022 жылдың 4 сәуірі бостандыққа шығатынын айтқан.
Айта кетері, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапты. Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарды.
Арман Құдайбергенов "Ұрлық", "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Нұралы Қиясовқа "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болды. Ол екінші баласын түрмеде босанды. Ол жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеді.
Толыбаева баласын босанғаннан кейін бір жылдан астам уақыт бостандықта болған, алайда колонияның сот алқасының уақытында марқұмның туыстарына сотталушының сотқа өтініш түсіргені туралы ешқандай ескерту жібермегендіктен қайта тоғытылған.
"Заң бойынша ауыр қылмыс кезінде жазаның үштен бір бөлігін өтеп, шығуға болады. Егер ешқандай заңбұзушылық болмаса, түрме ішіндегі тәртіп жақсы болса, жазаны жеңілдетеді. Осы мерзімді өтегеннен кейін сотқа арыз жаздым. Баламен бұл жерде отырған маған да оңай емес. Сот шешімімен менің жазам 73-бап бойынша бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бірақ 1 жыл 3 айдан кейін қайтадан осы жерге, жалпы колонияға оралып отырмын", - деген еді Толыбаева.
Жанар Толыбаева алғашқы сұхбатын Sputnik Қазақстан тілшісіне берді.
Видео
"Күнде түсіме кіреді": Теннің өлімі бойынша сотталған Толыбаева алғаш рет сұхбат берді