https://sputnik.kz/20220407/denis-ten-olimi-zhanar-tolybaeva-24043385.html
Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты
Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты
Sputnik Қазақстан
Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T10:26+0500
2022-04-07T10:26+0500
2022-04-07T10:33+0500
денис тен
қылмыскер
https://sputnik.kz/img/07e5/03/07/16476899_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_ff55edc851bbaa26b3cbaa80f6e4a13f.jpg
АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Комитеттің хабарлауынша, Толыбаева 2021 жылдың желтоқсанында ҚАЖ мекемесінен шығарылды. Бұған дейін Жанар Толыбаева Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында 2022 жылдың 4 сәуірі бостандыққа шығатынын айтқан. Айта кетері, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапты. Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарды. Арман Құдайбергенов "Ұрлық", "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Нұралы Қиясовқа "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болды. Ол екінші баласын түрмеде босанды. Ол жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеді. Толыбаева баласын босанғаннан кейін бір жылдан астам уақыт бостандықта болған, алайда колонияның сот алқасының уақытында марқұмның туыстарына сотталушының сотқа өтініш түсіргені туралы ешқандай ескерту жібермегендіктен қайта тоғытылған. "Заң бойынша ауыр қылмыс кезінде жазаның үштен бір бөлігін өтеп, шығуға болады. Егер ешқандай заңбұзушылық болмаса, түрме ішіндегі тәртіп жақсы болса, жазаны жеңілдетеді. Осы мерзімді өтегеннен кейін сотқа арыз жаздым. Баламен бұл жерде отырған маған да оңай емес. Сот шешімімен менің жазам 73-бап бойынша бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бірақ 1 жыл 3 айдан кейін қайтадан осы жерге, жалпы колонияға оралып отырмын", - деген еді Толыбаева. Жанар Толыбаева алғашқы сұхбатын Sputnik Қазақстан тілшісіне берді.
https://sputnik.kz/20210603/Denis-Ten-Tolybaeva-video-17237347.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/07/16476899_311:0:1751:1080_1920x0_80_0_0_5efefd209862035f60d9db5bd3c19f5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денис тен, қылмыскер
Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты
10:26 07.04.2022 (жаңартылды: 10:33 07.04.2022) Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды
АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты. Бұл туралы
Sputnik Қазақстанға ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Комитеттің хабарлауынша, Толыбаева 2021 жылдың желтоқсанында ҚАЖ мекемесінен шығарылды.
Бұған дейін Жанар Толыбаева
Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында 2022 жылдың 4 сәуірі бостандыққа шығатынын айтқан.
Айта кетері, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапты. Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарды.
Арман Құдайбергенов "Ұрлық", "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Нұралы Қиясовқа "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болды. Ол екінші баласын түрмеде босанды. Ол жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеді.
Толыбаева баласын босанғаннан кейін бір жылдан астам уақыт бостандықта болған, алайда колонияның сот алқасының уақытында марқұмның туыстарына сотталушының сотқа өтініш түсіргені туралы ешқандай ескерту жібермегендіктен қайта тоғытылған.
"Заң бойынша ауыр қылмыс кезінде жазаның үштен бір бөлігін өтеп, шығуға болады. Егер ешқандай заңбұзушылық болмаса, түрме ішіндегі тәртіп жақсы болса, жазаны жеңілдетеді. Осы мерзімді өтегеннен кейін сотқа арыз жаздым. Баламен бұл жерде отырған маған да оңай емес. Сот шешімімен менің жазам 73-бап бойынша бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бірақ 1 жыл 3 айдан кейін қайтадан осы жерге, жалпы колонияға оралып отырмын", - деген еді Толыбаева.
Жанар Толыбаева алғашқы сұхбатын
Sputnik Қазақстан тілшісіне берді.