Қоғам

"Аэрофлот" Мәскеуден Қазақстанға тікелей әуе рейстерін іске қосады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Ресейлік "Аэрофлот" әуе тасымалдаушысы Мәскеуден (Шереметьево) Қазақстанның алты қаласына тікелей рейстер ашатынын хабарлады.
Әуе рейстері 23 сәуірден бастап ұша бастайды.
"Аэрофлотпен" Мәскеуден Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағандыға барып-қайтуға болады.
Жолаушыларды Superjet 100 ұшақтары тасымалдайды.
Рейстердің кестесі әуе компаниясының сайтында жарияланған.
Еске салсақ, "Аэрофлот" Қазақстанға ұшуды 2022 жылғы 8 сәуірде тоқтатқан болатын.
Бұған дейін 8 сәуірден бастап Сочиден Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Ақтөбеге дейін рейстер ұшатыны хабарланған еді. Енді әуе компаниясы Мәскеуден рейстердің іске қосылуына байланысты Сочиден Қазақстан қалаларына ұшу кестесіне түзету енгізілгенін ескертті.
Қоғам
"Аэрофлот" Қазақстанға ұшатын рейстерді жандандырады