Экономика

Ұлттық қор таусылып қалмайды – министр

Ұлттық қорда қазір шамамен 56 миллиард доллар бар, резерв жеткілікті, деді Әлібек Қуантыров
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет неге тағы Ұлттық қордан ақша алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін 2022 жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 1,6 триллион теңгеге, яғни 4 триллион теңгеге дейін артатыны хабарланған еді.
Үкімет кулуарында журналистер министрден Ұлттық қордан ақша алу әдетке айналып кеткен жоқ па деп сұрады.
"Ұлттық қор таусылып қалмайды, Біріншіден, Ұлттық қордың активтері сол деңгейде қалады. Біз одан президенттің биыл берген тапсырмалары мен түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруға ақша аламыз", - деді Қуантыров.
Министр Ұлттық қордың бірнеше функциясы барын атап өтті.
Біріншісі жинақтаушы, екіншісі тұрақтандырушы, үшіншісі дағдарысқа қарсы.
Сол себепті, оның айтуынша, Ұлттық қордан қаражат алу қалыпты процесс.
"Бұл контрциклды бюджеттік саясаттың бір бөлігі. Ұлттық қорда қазір шамамен 56 миллиард доллар бар, резерв жеткілікті", - деп сендірді Қуантыров.
Экономика
Экономиканың өсу болжамы төмендеді - министр