https://sputnik.kz/20220405/qazaqstan-ekonomika-osimi-23987104.html
Экономиканың өсу болжамы төмендеді - министр
Экономиканың өсу болжамы төмендеді - министр
Sputnik Қазақстан
Мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 АҚШ доллар деңгейінде айқындалды 05.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-05T08:57+0500
2022-04-05T08:57+0500
2022-04-05T08:57+0500
экономика
қазақстан
ұлттық экономика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23813868_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_23a60c821c480913b4f21fb85b82b7c6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Биыл ел экономикасының өсу болжамын 3,9%-тен 2,1%-ке дейін төмендеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылады. Макрокөрсеткіштер болжамы сыртқы экономикалық жағдайды, әлемдік экономиканың дамуын бағалау, сонымен қатар мұнай нарығындағы үрдістерді ескере отырып нақтыланды.Министрдің айтуынша, халықаралық қаржы ұйымдары биыл әлемдік ЖІӨ-нің өсу перспективасы төмендейді деп болжап отыр. Ал инфляция дәлізі 8-10% дейін көтеріледі деп болжануда. Макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 АҚШ доллар деңгейінде айқындалды.Сонымен қатар, Қуантыровтың айтуынша, президент қойған міндеттерді іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін биыл Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 1,6 триллион теңгеге, яғни 4 триллион теңгеге дейін ұлғайтылады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23813868_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_cbb0774d8ce8d84f22fafbee16f414da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ұлттық экономика министрлігі
қазақстан, ұлттық экономика министрлігі
Экономиканың өсу болжамы төмендеді - министр
Мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 АҚШ доллар деңгейінде айқындалды
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Биыл ел экономикасының өсу болжамын 3,9%-тен 2,1%-ке дейін төмендеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылады. Макрокөрсеткіштер болжамы сыртқы экономикалық жағдайды, әлемдік экономиканың дамуын бағалау, сонымен қатар мұнай нарығындағы үрдістерді ескере отырып нақтыланды.
Министрдің айтуынша, халықаралық қаржы ұйымдары биыл әлемдік ЖІӨ-нің өсу перспективасы төмендейді деп болжап отыр.
Осыны ескере отырып, ел экономикасының өсу болжамы 3,9%-тен 2,1%-ке дейін төмендеді. Бұл ретте номиналды жалпы ішкі өнім 91,5 триллион теңге көлемінде бағалануда. Бұл мақұлданған болжамнан 3,5 триллион теңгеге жоғары.
Әлібек Қуантыров
ҚР Ұлттық экономика министрі
Ал инфляция дәлізі 8-10% дейін көтеріледі деп болжануда. Макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 АҚШ доллар деңгейінде айқындалды.
Сонымен қатар, Қуантыровтың айтуынша, президент қойған міндеттерді іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін биыл Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 1,6 триллион теңгеге, яғни 4 триллион теңгеге дейін ұлғайтылады.